Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстандағы автожолдар сапаның барлық нормативтері бойынша қамтылады

16 ақпан 2017, 12:47

2017 жылы 600-ден астам шақырым жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Сонымен қатар, 2017 жылы республикалық маңыздағы жолдардың 700 шақырымында ақылы жүйе енгізу көзделген. Бұл -  Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас учаскелері.

Ағымдағы жылдың қараша айында жүйені тестілік режимде іске қосу күтілуде. 2020 жылға қарай республикалық маңыздағы 6 мың шақырым жолды ақылы ету жоспарланған, бұл жыл сайын шамамен 30 млрд теңге жинауға мүмкіндік береді.

«Ақы төлету жүйесі автожолдарды қамтудың өзін-өзі өтеуіне және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Р. Скляр.

Вице-министр 2013 жылдан бастап республикада жалғыз ақылы учаске барын еске салып өтті. Ол – ұзындығы 217 шақырым болатын Астана – Щучинск. Аталған учаскеде бекітілген тариф жеңіл көлік үшін бір шақырымға 1 теңгені құрайды. Р. Скляр жаңа учаскелерде бұл тарифтерді арттыру жоспарланбағанын атап өтті. Баламалы учаскелерді салу заңнамамызда қарастырылмаған.

Оған қоса, Р. Скляр автомобиль жолдары сапаның барлық нормативтері бойынша қамтылатынын баса айтты.

«Арнайы зерттеулер тұрақты жүргізіліп тұрады. Аталған зерттеулерге сәйкес ЖЖМ үнемдеу және басқа да көрсеткіштер жолда жүру үшін алынатын ақыдан әлдеқайда жоғары», – деді вице-министр.

Автожолдарды пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша сапалы инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінетін болады. Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы жолдардың бойында жол сервисінің жекеленген  2 мыңнан астам нысаны жұмыс жасайды, олардың басым бөлігі 2015 жылы қабылданған ұлттық стандарттарға сәйкес келмейді.