Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерге қарауындағы салалардағы істердің жай-күйіне жеке жауапкершіліктерін еске салды

10 қазан 2017, 12:00

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЖЖМ мен қатты отын нарықтарындағы ағымдағы жағдай туралы баяндамаларды тыңдап, мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшыларына қарауындағы салалардағы істердің жай-күйіне жеке жауапкершіліктері туралы еске салды.

Бақытжан Сағынтаев ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың ЖЖМ нарығындағы тапшылық бойынша, сондай-ақ Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен Астана әкімі Әсет Исекешевтің кезек қалыптасқан көмір нарығындағы қалыптасқан жағдай бойынша баяндамаларын тыңдады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге көмірмен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Б. Сағынтаев барлық министрлер мен әкімдердің қарауындағы салалар мен өңірлердегі істердің жай-күйіне толық жеке жауапкершілікке ие екеніне назар аудартты. Ол үшін басшыларға қажеті құзыреттер мен мүмкіндіктер берілген. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев лауазымды тұлғалар өз жұмыстарына жауапкершілікті халыққа артпауы тиіс екенін баса айтты.  

Аталған мәселелерді қарау нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы отынның ішкі нарығындағы жағдайға жауапты тұлғаларға қатысты бірқатар тәртіптік және кадрлық шараларды қабылдады.