Бақытжан Сағынтаев «JPMorgan Chase» төрағасы Д. Френкельмен қаржы секторы мәселелерін талқылады

16 маусым 2017, 11:20
Фото: primeminister.kz

Бүгін Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «JPMorgan Chase International» төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті.

Сұхбаттың басты тақырыбы қаржы секторындағы ынтымақтастық, сонымен қатар экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз етуге қажетті қаржы тетіктері мәселелері болды.

Анықтама:

JPMorgan Chase – америкалық банк. Forbes Global 2000 бойынша әлемдегі ірі компаниялардың тізімінде JPMorgan 2015 жылы 6 орынды иеленген. «Global Finance» журналының жариялауы бойынша 2015 жылдың үздік инвестициялық банкі.