Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев ЭЫДҰ-мен өзара іс-әрекет жөніндегі кеңес отырысын өткізді

23 ақпан 2017, 16:53

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-әрекет жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген, үздік тәжірибелер мен ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, Кеңес ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыру жөніндегі Әрекеттер жоспарын, сонымен қатар Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасын іске асыру мәселелерін қарастырды.