Қазақстанда Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 47 мыңнан астам адамды оқыту жоспарланған

10 сәуір 2017, 12:30

Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселе қарастырылған ҚР Үкіметі отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады.

Министрдің айтуынша, 2017 жылы кадрлар даярлаумен 21,3 мың адамды және курстық оқытумен – 26 мың адамды қамту жоспарланған. Өңірлерде кадрлар даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша 825 ұтқыр топ құрылды. Үміткерлер 9-11 сыныптар түлектерінен, біліктілігі жоқ тұлғалардан, аз қамтылған отбасылардан шыққандардан және өмірде қиын жағдайға тап болғандардан, және азаматтардың басқа да санаттарынан қалыптастырылады. 360 білім беру ұйымының тізімі анықталған.

«ҚР БҒМ техникалық, ауылшаруашылық, технологиялық және қызмет көрсету салаларындағы мамандықтар бойынша модульдік ықпалдастырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тамақтанумен, жолақымен қамтамасыз етіледі», - деп баса айтты министр.

Жұмыспен қамту орталықтары құрамды 29 жасқа дейінгі жастардан, халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелуіне тәуелсіз жұмыссыздардан және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан қалыптастырылады. Бес пилоттық өңірде шалғай елді мекендерде азаматтарды оқыту үшін ұтқыр оқу орталықтарын құру бойынша жұмыс жүзеге асырылады.

Е. Сағадиев атап өткендей, а.ж. 3 сәуірдегі жағдай бойынша оқытумен 350 адам қамтылған, 4000 адамнан тұратын оқытылатындар тізімі жасалған.