Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан мен БАӘ көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

18 наурыз 2017, 10:35

«Etihad Rail» (БАӘ) теміржол компаниясының делегациясы Қазақстан Республикасының транзиттік мүмкіндігімен және көлік-логистикалық инфрақұрылымымен танысу мақсатында Қазақстанға келді. 

Кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев мультимодальдық көлік-логистикалық қызметінің толық спектрін көрсететін компания қызметінің бағыттары туралы мәлімдеді. Ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызын айта келіп, Компанияның ел әлеуетін дамытудағы жүзеге асырып жатқан транзиттік және экспорттық жобаларына тоқталды. Қазақстанда соңғы үлгідегі жүк және жолаушылар вагондары, локомотив құрастырылып, рельстер, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығарылады.

«Etihad rail» басшысы Ф. Мазрузидің айтуынша, теміржол компаниялары арасындағы байланысты дамыту ҚР мен БАӘ арасындағы екіжақты серіктестікті дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Сондай-ақ, ол осы сапар барысындағы Қазақстанның көлік-логистикалық кешені мүмкіндігімен танысудың маңызын айта келіп, қазақстандық әріптестерінің теміржолды басқару мен құрылысын жүргізудегі тәжірибесін БАӘ теміржолын дамытуға табысты пайдалануға болатынын атап өтті. 

«Etihad rail» делегациясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен және транзиттік, интермодальдық тасымалдау, логистикалық қызметінің келешегімен танысты. Теміржол компаниясының өкілдері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар Тальго» ЖШС, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарын аралады.