Қазақстанның транзиттік-көлік мүмкіндіктері Венада ЕҚЫҰ алаңында ұсынылды

18 наурыз 2017, 15:54
Фото: railways.kz

Еуразиялық көлік дәлізі аймағы елдерінің сауда, көлік саласындағы серіктестігін дамыту мәселесі Венада ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық комитетінің кеңесінде талқыланды.

Талқылауға ЕҚЫҰ елдерінің, Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламалары офисінің, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE),  Баку халықаралық теңіз сауда портының өкілдері қатысты.

Сессияда ЕҚЫҰ аймағындағы тасымалдауды табысты дамыту тәжірибесі жөнінде «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры С. Анашкин сөз сөйледі.

Ол ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің Жаңа Жібек жолы бағдарындағы және Қазақстандағы транзиттік тасымалдарды ынталандырудың бағдарламалары туралы, Еуразиялық көлік-логистикалық хабын жасақтау мәселесі туралы әңгімеледі.

Қазақстанның ішкі және сыртқы шегінде шоғырландырудың логистикалық орталықтарының тірек желілері мен жүк ағындарының дистрибуциясы дамуда, жеке секторды пайдалана отырып инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қолайлы жағдайлары жасалуда.

Азия, Еуропа, Түркия және Парсы шығанағы елдерінде мультимодальдық шешімдерді қолдану және логистикалық қызметті жетілдіру арқылы контейнерлік қызмет түрі белсенді дамуда.

С. Анашкин Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен тасымалдауды ұйымдастыру (ТКХБ), ТКХБ Үйлестіру кеңесінің Каспий теңізі мен Қара теңіз жағалауы елдерінің инфрақұрылымдық хабын мультимодальдық пайдалану тиімділігін көтеру барысына тоқталды.

ЕҚЫҰ сарапшылары Еуропа-Азия бағдарындағы жүк ағынына сұраныстың арта түскендігіне орай, кедендік бақылау мен экспорттық-импорттық операциялар мерзімін жеделдетіп, рәсімін жетілдіру керек екенін атап өтті.

Кездесуде логистика, машина жасау, коммуникациялық ақпараттық жүйедегі жергілікті бизнес өкілдерімен кездесуде австриялық әріптестермен өзара серіктестікті дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сонымен қатар, логистикалық сервисті ақпараттандыру және жаңғырту саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық келешегі талқыланды.