Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №52

25 қыркүйек 2017, 10:00

2017 жылғы 18-23 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында 2017 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы, «Экспо-2017» ұсынылған жаңа технологияларды қолдану мәселелері қаралып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің жобасы мақұлданды.

18 қыркүйекте Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Азия парламентшілері форумының төрағасы Кейзо Такемимен кездесу өткізді.

19 қыркүйекте Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Марк Хортонмен кездесу өтті.

Сәрсенбі күні, 20 қыркүйекте, Бақытжан Сағынтаев Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен және Nokia аға вице-президенті Маркус Борхертпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

21 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Экономика мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кезекті отырысын және Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Осы күні «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.  

Сондай-ақ, осы аптада ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Экспо-2017» мұрасына арналған бірқатар баспасөз конференциялары өтті. Брифингтердің тақырыбы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы, сонымен қатар жаңа технологияларды ғылым және энергетика салаларында қолдану жайында болды.