Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №58

06 қараша 2017, 09:00

2017 жылғы 30 қазан мен 4 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Дүйсенбі күні, 30 қазанда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Бакуде (Әзербайжан) «Баку – Тбилиси – Карс» теміржол бағдарының ашылу салтанатына қатысты.  

Сейсенбі күні, 31 қазанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары және Астанада туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы, Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, көлік пен логистикада цифрлық технологияларды қолдану, Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, отырыста ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспарының жобасы таныстырылды.

Сәрсенбі күні, 1 қарашада Бақытжан Сағынтаев Иордания Королі ІІ Абдалла бен Хусейнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

Сол күні Б. Сағынтаев барон Эрик де Ротшильдпен кездесті. Шарада инвестициялар тарту және қаржылық кеңес беру мәселелері қаралды.  

Бейсенбі күні, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысында монополияға қарсы реттеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, 2 қараша күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті. Отырыс барысында қаржылық, валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ, халық кірісінің нақты өсімін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Халықаралық қарым-қатынас тұрғысынан өткен маңызды шара Ташкентте 2-3 қарашада өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкімет басшылары кеңесінің отырысы болды. Шараға Бақытжан Сағынтаев қатысты.  

Шара қарсаңында, 2 қараша күні кешке, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А. Ариповпен кездесті.

3 қараша күні ТМД үкімет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамда отырысы өтті. Шара қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.