Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79

09 сәуір 2018, 19:24

2018 жылғы 2–7 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптада елорда әкімдігінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

  • Сейсенбі күні, 3 сәуірде ҚР Президенті «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ барып, елорданы одан әрі дамыту жөніндегі инфрақұрылымдық жобалармен танысты.  

  • 3 сәуірде Үкімет үйінде Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда 2018–2022 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау, 2016–2019 жылдарға арналған ҚР білім беруді мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, 2018 жылғы І тоқсандағы инфляция деңгейі қаралды.

  • Сәрсенбі күні, 4 сәуірде Бақытжан Сағынтаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы М. Уиртпен кездесу өткізді. Онда ынтымақтастықты нығайту және цифрландыру саласында жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұжымына жаңа министр Д. Кәлетаевты таныстырды.

  • Сондай-ақ, өткен аптада Б. Сағынтаев 2018 жылғы І тоқсандағы мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу және өңірлерді дамыту, көлік және логистика, отын-энергетика кешені, туризм, салық жинау, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, өнімді жұмыспен қамту бағыттары бойынша осы жылға арналған жоспарлар жөнінде бірқатар кеңес өткізді.

  • Жұма күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев цифрлық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы кеңес өткізді.

  • ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және шағын несие беруді көбейту бойынша баспасөз конференциялары өтті.

  • Бұдан өзге, 2018 жылғы 1 тоқсанда инвестициялар тарту мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтті.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз