Видеодайджест: «ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Сан-Францискоға жұмыс сапары»

15 сәуір 2017, 22:33

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барды. Ондағы басты мақсат - әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау, сонымен қатар оларды Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуына қатысуға шақыру.  

ҚР Премьер-Министрі Сан-Францискода «Chevron», «Cisco», «Tesla Motors», «IBM», «Pfizer», «Plug and Play Tech Center», «Jabil», «Autodesk», «Microsoft», «Google», «Uber» секілді әлемнің жетекші компанияларының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында ІТ-технологиялар, машина жасау, энергетика, телекоммуникация, білім беру, денсаулық сақтау салаларында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Project: Collider» технологиялық форумына қатысып, инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшы компанияларды Қазақстан экономикасының жаңғыртылу үдерісіне белсендірек қатысып, инвестиция құюға шақырды. 

«Project: Collider» форумы аясында Қазақстанның Кремний алқабындағы ресми өкілдігі ашылды.

Жұмыс сапары туралы толығырақ мына жерден оқыңыздар.