Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Таяу 4 жылда Қазақстанда санитарлық ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий енгізіледі

07 қазан 2016, 17:24
Фото: МСХ РК

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті ҚР санитарлық ағаш кесудің барлық түрлеріне мораторий енгізуді ұсынды.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының м.а. Қайрат Үстеміровтың айтуынша, таяу 4 жылдағы мораторий табиғатқа «демалуға» мүмкіндік береді.

«Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті қазіргі уақытта ҚР санитарлық ағаш кесудің барлық түрлерін жабу мәселесін қарап жатыр. Өңірлердің қатысуымен өткен кеңесте біз соңғы 3-4 жылда республика бойынша санитарлық ағаш кесу көлемінің артуына байланысты осындай ұсыныс жасадық. Санитарлық ағаш кесуге белгілі бір уақытқа мораторий енгізу нұсқасын қарастырып жатырмыз», – деп мәлімдеді Қ. Үстеміров ҚР АШМ брифингі барысында.

Оның айтуынша, келесі аптада депутаттардың, «Атамекен», қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және т.б. қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.