Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен экономиканың негізгі салаларын цифрландыру мәселелері талқыланды 

13 шілде 2017, 17:58
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында экономиканың негізгі салаларын цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында АӨК электронды саудасын дамыту, кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру және электронды мағлұмдауға ауысу, ШОБ негізгі қызметін цифрландыруға ынталандыру, сонымен қатар энергетика саласында жобаларды құрып, енгізу мәселелері талқыланды. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов, ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов мемлекеттік органдардың жұмыстың цифрлық форматына ауысуына байланысты тәсілдері туралы баяндады. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.