Кәрім Мәсімов Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен танысты

06 тамыз 2016, 21:10
Павлодар облысы
Фото: Карим Масимов – instagram.com/kmassimov

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелінің салыну барысын бағалады. 

Нысан құрылысы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ол биылғы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Жоба аясында Орта Азиядағы ең ірі көпір өткелін салу қарастырылған. Ол Ертіс өзені, ескі Ертіс және Шортанкөл көлі арқылы өтетін 3 өткелді қамтитын болады. Көпір өткелі Астана-Павлодар-Өскемен бағыты бойынша «Орталық-Шығыс» бағытының бір бөлігіне айналып, Қазақстанның орталық бөлігін еліміздің шығысымен және Ресейдің көршілес аймақтарымен байланыстырмақ. Өткелдің арқасында Павлодар қаласының көшелерінің жолдарындағы жүктеме азайып, транзиттік көлік шығысқа және қаланы айналу арқылы кері бағытқа бағытталады. 

К.Мәсімов көпір өткелін қарап шықты. Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев Премьер-Министрді көпір құрылысының барысы және оны аяқтау бойынша жоспарлар туралы ақпараттандырды. Қазіргі кезде ақырғы монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

Нысанға қажетті негізгі жол-құрылыс материалдары жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынады. Сонымен қатар, аталған нысан құрылысына Павлодар облысындағы көлік қызметі және қоғамдық тамақтандыру саласындағы 100-ге жуық шағын және орта бизнес кәсіпорны тартылған.