2017 жылғы қаңтар-ақпандағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7%-ды құрады

13 наурыз 2017, 18:42
Фото: primeminister.kz

ҚР ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-ақпанда 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 103,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-нан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Экономикалық сектор

2017 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 699,7 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 11,2% артық.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3514,5 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,5% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,4%, өңдеу өнеркәсібінде 6,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 2,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 2,6% төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 212,3 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 1,6% артты.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,2%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 80,9 млрд ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 41,8 млрд жкм құрап, 3,2% артты.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-ақпандағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102%-ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 1125,2 млрд теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 104,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 2273,5 млрд теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,6% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 5263,6 млн АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы каңтармен салыстырғанда 21,1% артты, соның ішінде экспорт – 3276,4 млн АҚШ долларын (18,9% көп), импорт – 1987,2 млн АҚШ долларын құрады (25% көп).

2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 389043 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,8% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 380101 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 244874 құрады, оның ішінде 236432 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы ақпанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 2,6%, азық-түлік емес тауарларға – 1,3%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 1,2%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 6,7% жоғарылады.

Әлеуметтік сектор

2017 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 72999 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтарға қарағанда 4,1% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,5% төмендеді.

2017 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 137331 теңгені құрады.

2017 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 432,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы ақпанның соңына 67,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 0,7%.