Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазынаны» трансформациялау мәселелері жөнінде отырыс өткізді

17 маусым 2017, 12:12

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында холдингті трансформациялау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерді оңтайландыруға қажетті шаралар қаралды.