Жыл басынан бері республиканың негізгі капиталына инвестициялар көлемі 3677,7 миллиард теңгені құрады - ҚР ҰЭМ

12 тамыз 2016, 23:58

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында республиканың негізгі капиталына инвестициялар көлемі 3677,7 миллиард теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкс кезеңінен 6,3%-ға артық.

Министрліктің мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8512 млрд теңгені құрды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,6% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,2%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,7% төмендеді.

«2016 жылғы бірінші жартыжылдықта жүк айналымының көлемі 283,5 млрд ткм құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 147 млрд жкм құрап және 2,2% артты. 2016 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 4038,8 млрд теңгені, көтерме сауда көлемі 9223,9 млрд теңгені құрады.

2016 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28 млрд 33 млн долларды құрады, соның ішінде экспорт – 16 млрд 786,8 млн доллар, импорт – 11 млрд 246,2 млн доллар.