Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанды дамытудың стратегиялық жоспарын Бақытжан Сағынтаев «The Boston Consulting Group» төрағасы Х. Бюркнермен талқылады

16 маусым 2017, 11:30
Фото: primeminister.kz

Бүгін X Астана экономикалық форумының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде «The Boston Consulting Group» компаниясының Төрағасы Ханс-Пол Бюркнермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының жобасы аясында экономиканы әртараптандыру және цифрландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық форматқа көшуге бизнесті тарту арқылы жеке секторды дамыту мәселелері қаралды.

Анықтама:

BCG («Бостон консалтингтік тобы») – басқару консалтингіне мамандандырылған халықаралық жетекші компания. Қазақстанда BCG 2000 жылдың басынан бастап мемлекеттік секторда, сондай-ақ жеке секторда: тау-кен өндіру, автомобиль, телекоммуникациялық компаниялармен жұмыс істеп келеді.