Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде энергетика мен жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды

21 маусым 2017, 13:10
Фото: Фото: primeminister.kz

Жыл сайынғы Шетел инвесторлары кеңесі қарсаңында Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Үкіметі мен халықаралық компаниялар арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Салтанат барысында «Еуразия», «Астана ЭКСПО-2017» жел электр станциясының құрылысы», «Күн электр станциясының құрылысы» жобаларын іске асыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша меморандумдарға қол қойылды.   

Қол қоюға ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А. Надырбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті С. Мыңбаев, «Аджип Каспиан СИ» атқарушы вице-президенті Л. Виньятти, «РН-Эксплорэйшн» бас директоры А. Овчаренко, CNPC International Kazakhstan бас директоры Б. Дежи, NEOS Geosolutions президенті Д. Фейман, SOCAR геология және геофизика жөніндегі вице-президенті Б. Гусейнов, «ЭНИ Интернэшнл Би. Ви.» энергетикалық шешімдер департаментінің атқарушы вице-президенті Л. Козентино, GE Oil&Gas президенті және бас атқарушы директоры Л. Симонелли, Қазақстан бойынша Еуропа қайта құру және даму банкінің директоры А. Прейманис, «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы С. Кан, «ҚДБ» АҚ басқарма төрағасының м. а. Д. Бабичев, «ҚДБ-Лизинг» АҚ басқарма төрағасының м. а. Р. Гаппаров, United Green («Байқоңыр Солар» ЖШС) басқарушы директоры А. Фришеншлягер қатысты.