Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда мұнай есебінің ақпараттық жүйесі енгізіледі

02 наурыз 2017, 14:33
Фото: primeminister.kz

2017 жылы мәліметтерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау, пайдалану үшін мұнай есебінің ақпараттық жүйесін (МЕАЖ) енгізу бойынша дайындық жұмысы басталады. 2020 жылы жүйе толық қуатта жұмыс жасайды. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында ведомство өз әлеуетін жоғары технологияларды енгізуге бағыттауға мүдделі екенін атап өтті. Осыған байланысты технологиялық жаңарту бойынша қадамдар белгіленген. Сол қадамдардың бірі МЕАЖ енгізу болып табылады.

Жаңа жүйе мұнай өндіру және айналымы көлемі есебін, мұнай айналымы кезінде пайда болатын техникалық шығындардың бәрінің есебін жаңғыртуға және автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Жүйені енгізу кезеңдері: 2017-2018 жылдар – заңнаманы құру, түзету, 2018-2019 жылдар – енгізу, 2020 жыл – іске қосу.

Жобаны жүзеге асыруға 2,7 млрд жуық теңге қажет болады. МЕАЖ жобасы «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасына енгізілген.

Сондай-ақ, Қ. Бозымбаев таяу уақытта Министрлік «Зияткерлік кен орны» бағдарламасын жандандыруға ниетті екенін айтты. Бұл, оның айтуынша, өндірісті автоматтандыруға, мұнай өндіруді 2-5%-ға арттыруға, материалдар мен жабдықтар шығынын 10% дейін қысқартуға, энергия тиімділігін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Энергия министрлігінің жоспарында – Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде сұйылтылған газды өткізу үшін электронды сауда алаңдарын және есептіліктің электронды жүйесін енгізу.  

Бұдан өзге, 2017 жылы ведомство абоненттерді газбен қамтуға қосу Ережелерін әзірлеп, бекітуді жоспарлауда. Содан кейін абоненттерді газбен қамтуға қосуға өтінімдерді қабылдау және өңдеу онлайн-режимде жүргізілетін болады.

1/1