Бақытжан Сағынтаев ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді 

22 желтоқсан 2016, 19:05
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында қатысушылар Қазақстанның ұлттық павильонын мазмұндық жағынан толтыру, қонақ үй қоры мен логистиканы даярлау мәселелерін, сонымен қатар, қонақтарды халықаралық көрмеге келу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. 

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.