Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ВИДЕО: ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты

10 маусым 2017, 12:59
Астана
Фото: Мухтар Холдорб­еков

9 маусымда Астанадағы Конгресс-орталықта Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтті. 

Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар 17 шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары қатысты. 

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, ЭКСПО-2017-ге 1,2 млн билет сатылған. Қазақстан аймақтарынан келетін қонақтармен қатар, АҚШ, Еуропа, Қытай және ТМД елдерінен де қонақтар келеді деп күтілуде. 

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі - посткеңестік кеңістік аумағында алғаш рет өткізіліп жатқан халықаралық көрме. Ол 3 ай бойы өткізіліп, 10 қыркүйекте аяқталады.

Мемлекет басшысы барша жұртты Астанада халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті.      

«Біздің өтінішімізді және ұсынған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдерге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауқымдағы көрме – бір мемлекеттің ғана атқарған ісі емес, бұл – осында өз жетістіктерін көрсетуге келген халықаралық қоғамдастықтың еңбегі. Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесі – жаһандық кеңістікте елімізді танытудың және «Қазақстан» ұлттық брендін ілгерілетудің жаңа белесі. Біз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсына отырып, ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Көрменің басты павильоны - сфера пішіндес, «Нұр Әлем» деп аталатын ғимарат. Оның жалпы ауданы - 41,5 мың шаршы м, көрме орны - 20,5 мың шаршы м, диаметрі - 80 м. Қазақстан павильонының негізгі тақырыбы - «Болашақ Энергиясы Музейі».

ЭКСПО-2017  ашылуының ресми салтанаты лазерлік шоумен және бірегей отшашумен аяқталды.