Қазақстанда жаңа кәсіпорындарды тіркеу кезінде процедуралар саны үш есеге қысқарады - Е.Досаев

14 қараша 2014, 18:10

Бизнес үшін жағдайды жасқарту мәселелері бойынша заң жобасы аясында кәсіпорындарды тіркеу және импорттық-экспорттық  операциялар өткізу кезінде процедуралар саны 3 есеге қысқарады, деп хабарлады бүгін Астанадағы «Эксперт-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің VI экономикалық форумында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Аталған заң жобасы аясында ШОБ субъектілері үшін тіркеу мерзімін 1 сағатқа дейін қысқарту, экспорттық-импорттық операциялар, құрылыс, кәсіпорындар тіркеу саласында қызметтер ұсыну кезінде процедура мен мерзімдер санын минимум 3 есеге қысқарту қарастырылады», - деді Е.Досаев.

Бұдан өзге, құжат жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін мөрді алып тастауды, заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеу алымын төлеуді алып тастауды қарастырады.   

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін сәйкес заң қабылданады.