Б.Сағынтаев ҚР экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

12 тамыз 2014, 00:30

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ағымдағы экономикалық жағдай мәселелері бойынша селекторлық режимде кеңес өткізді. 
 
Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, әлемдік экономика өсімінің бәсеңдегені байқалады.

Еуропа мен АҚШ елдерінің Ресейге қатысты санкцияларымен байланысты Қазақстанның ағымдағы экономикалық жағдайы мен РФ-ның жауап ретіндегі санкцияларына байланысты ықтимал тәуекелдер туралы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев баяндады.

Сондай-ақ, өңірлерді мұнай өнімдерімен, жанар-жағар маймен қамтамасыз ету және тұрақтандыру қорларын азық-түлік ресурстарымен толықтыру мәселелері де қаралды.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б.Сағынтаев ел экономикасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттілігін баса айтты.

Селекторлық кеңес қортындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдар мен облыс әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.