Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Күн батареяларының жаңа технологиясы

05 мамыр 2017, 17:24

Баламалы энергетика саласындағы технологиялық ілгерілеу серпілісті жетістікке әкелді. Жаңа әзірлеменің арқасында күн батареялары екі есе тиімдірек болмақ.

Арнайы термофотоэлектрлі STPV күн батареялары бұрынғыдай күн жарығы энергиясының 32%  ғана емес, сондай-ақ жылудың қайта өңделген энергиясын сіңіре алатын болады.  

Жаңа технологияның арқасында күн батареялары бір мезетте сіңіруші және сәуле таратушыға айналады. Жарық энергиясын сіңіре отырып, батареялар оны жылу энергиясына айналдырады, ал ол температура 1000 градусқа жеткенде жарық энергиясына түрленеді. Түрленген энергияның сәулелері фотоэлементтерді аулайды, ал арнайы фотосүзгі сіңірілмеген фотондарды шағылтып, оларды қайтара пайдалану процесін іске қосады.