Н. Назарбаев Ж. Қасымбекпен «Нұрлы жол» және ИИДМБ мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруды талқылады

03 тамыз 2016, 00:22

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нұрлы жол» және елдің индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуының басты мәселелері, сондай-ақ министрлік қызметінің алдағы кезеңге арналған басым бағыттары жөнінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы экономиканы дамыту және елімізге тікелей шетел инвестициясының тартылуы үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар туғызу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне тоқталды.

Инвестициялар және даму министрі жыл соңына дейін 800 шақырымды қамтитын жаңа жол төсемін пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

2020 жылға дейін қашықтығы 7 мың шақырым Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Ақтау және т.б. бағыттар бойынша автожол құрылысы аяқталатын болады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.