Ақтауда болат жапсарсыз құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды

14 қазан 2016, 10:34
Маңғыстау облысы
Фото: lada.kz

Қазақстандық мұнай сервистік компанияларды қолдау аясында Ақтауда жаңа құбыр кескіш зауыт іске қосылды.

Жоба еліміздің мұнай-газ саласындағы қазақстандық мұнай сервистік компанияларын қолдау, сондай-ақ мұнай өндіру саласындағы ірі жобаларда қазақстандық қамтуды өсіру бойынша белсенді жұмыс атқарып жүрген ҚР Энергетика министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

«ҚР энергетика министрлігінің, ҚПО мен Тэнарис компаниясының бірлескен жұмысы нәтижесінде ҚПО-мен ағымдағы келісімшартты ұзартуға айырбас ретінде Қазақстан аумағында құбыр өнімдерін өндіретін Tenaris-ті оқшаулау туралы келісімге қол қойылды (5 жылға, құны 212 млн доллар)», - деп атап өтті энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, олардың Қазақстанда оқшаулануын қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы және әлеуеті бар басқа да тауарлар бар.

«Біздің басқа операторларымыз ТШО мен NCOC ҚПО-ның осындай сәтті тәжірибесін бағалап, өз жобаларында «ерте тендер» практикасын қолданса, барлық тараптарға қолайлы болатыны сөзсіз», - деп атап М. Мырзағалиев.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңа зауыт құбыр өнімдерімен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.-мен ұзақ мерзімді шарттарға сәйкес, сондай-ақ тағы бір негізгі операторды – Теңізшевройлді, қамтамасыз етуді жоспарлауда

Аталған зауытта 40 қызметкер жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорынның жұмыспен толық қамтылған кезде олардың санын 90 қызметкерке дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл жергілікті азаматтардың арасында саны 95% құрайтын болады.

Құны 40 млн долларды құрайтын, жоғары технологиялы зауыт болғандықтан, оның өндірістік қуаты қауіпсіздік техникасы жағынан ең жоғары стандарттарға сәйкес 45 мың тонна премиум сыныпты газ-герметикалық бұрандалы қосылыстармен мұнай-газ кәсіптік сұрыптамасының дайын болат құбырларды құрайтын болады. Аталған кәсіпорын ISO 9001 сәйкес жұмыс жасайтын болады.