ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Беларусь Үкіметінің басшысы М.Мясниковичпен кездесті

21 қараша 2014, 03:08

Бүгін Түркіменстанға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясниковичпен кездесті.

Әңгіме барысында К.Мәсімов пен М.Мясникович екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан-Беларусь өзара іс-қимылының деңгейін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың барлық қыры бойынша байланыстарды одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.

Кәрім Мәсімов 21 қарашада Ашхабадта өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін бүгін Түркіменстанға келді.