Астанада ҚР мен Болгарияның екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

09 маусым 2016, 23:39

Бүгін Астанада Қазақстан мен Болгария елдері экономикасының әртүрлі салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова және Болгария Республикасы Аймақтарды дамыту мен көріктендіру Министрі Лиляна Павлованың басшылығымен Қазақстан-Болгар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның  IV отырысы өтті.

Шараға ҚР Бас прокуратурасының, ұлттық экономика, инвестициялар мен даму, ақпарат және коммуникация, сыртқы істер, мәдениет және спорт, білім және ғылым, ауылшаруашылық, энергетика министрліктерінің, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Kaznex Invest» экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының өкілдері қатысты.

Болгария ресми делегациясының құрамына экономика, энергетика, туризм, транспорт, ақпараттық технологиялар мен байланыс, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік министрлігінің өкілдері, Халықтық жиналыс депутаттары кірді.

«Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Қазақстан мен Болгария елдерінің арасындағы өзара мүдделер ескеріле отырып және сенімге негізделген тұрақты конструктивті қарым-қатынас орнады. Қазақстан Балқан түбегі мен Қаратеңіз аймағындағы негізгі әріптестердің бірі ретінде Болгариямен ынтымақтастықты дамытуға зор мән береді. Аталған уақыт аралығында біз екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыттары бойынша айтарлықтар үрдіске сонымен қатар, халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді өзара серіктестікке қол жеткіздік», - деді ол.

Сонымен қатар, ол экононмикалық ынтымақтастық саласындағы үкіметаралық комиссияның ролі ерекше екенін атап айтты.

«Комиссия жұмысының нәтижесінде ынтымақтастықтың перспективті бағыттары айқындалып, түйінді мәселелер шешіліп келеді, екі елдің іскерлік ортасында тікелей қарым-қатынас орнатылуда. Қазақстан мен Болгария арасындағы қарым-қатынастың болашағы кемел. Тараптарға нормативті құқықтық базаны кеңейтіп, сауда айналымын арттыруға бағытталған сауда-экономикалық байланысты әрі қарай дамыту керек», - деді Тамара Дүйсенова.