Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жаңа бағыттарды ашу, баға белгілеу және мамандарды даярлау — Қазақстанда азаматтық авиация қалай дамып жатыр

Сейсенбі, 01 Қазан 2019, 17:34:55

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Үкіметке баға құру және тарифтер мәселелерімен жүйелі айналысуды тапсырды. Атап айтқанда, Президент негізгі отандық әуе тасымалдаушысының әуе билеттерінің құны және қазақстандық әуежайлардың көрсететін қызметтерінің негізділігі мәселесін көтерді. Қазақстанның авиация саласы халықаралық әуе тасымалдаушыларымен бәсекеге түсіп, өзінің транзиттік әлеуетін дамыта алуы тиіс. Азаматтық авиацияның бүгінде қалай дамып жатқаны, таяу арада қандай шаралар қабылданатыны жайлы PrimeMinister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Айбек Әлжанов айтып берді.

— Айбек Қуанышұлы, еліміздің авиация саласын дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берсеңіз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы негізінде әуе билеттерінің құнын белгілеу бойынша қандай шаралар қабылданып жатыр? Министрлік бұл мәселелерді қалай шешуде? 

— Жалпы азаматтық авиацияда барлық көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалып отыр. Олар – әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштер, тасымалданған жолаушылар бойынша көрсеткіштер. Біз тасымалданған жолаушылар бойынша 24%-ға жуық өсімді байқап отырмыз, мысалы, 2013 жылы бұл 12 млн жолаушы болса, өткен жылы біздің әуежайларымыз 15 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Биылғы жылдың 8 айында 11 млн 800 мың жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Қазақстандық әуе компаниялары сонымен қатар тасымалданған жолаушылар өсімін байқады, бұл жаңа бағыттардың ашылуымен, жаңа әуе компанияларының іске қосылуымен байланысты, бұл жерде де оң динамика байқалып отыр. 

Сонымен қатар, 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жобасында жергілікті әуе желілеріндегі 16 аэродромның құрылысы/реконструкциясы қарастырылған (Павлодар облысы – Баянауыл, ШҚО – Үржар, Зайсан, Үлкен Нарын, Алматы облысы – Үшарал, БҚО – Жәнібек, Сайхин, Казталовка, Атырау облысы – Құлсары, Миялы, Сүйіндік, Қарағанды облысы – Қарқаралы, Ұлытау, Түркістан облысы – Сарыағаш, Қостанай облысы – Арқалық, Ақтөбе облысы – Шалқар). 

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның авиация билігі нормативтік-құқықтық базаны құру/кеңейту мәселелері бойынша, сондай-ақ рейстерді қалпына келтіру, ашу, оның ішінде басымдықты бағыттар бойынша ашу үшін 30-дан астам елмен келіссөздер жүргізді. 

Биыл тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен бірқатар шетелдік әуе компанияларына хаттар жіберілді. Мәселен, «American Airlines», «United Airlines», «Delta Air Lines» (Америка Құрама Штаттары), «Cathay Pacific» (Гонконг), «Alitalia» (Италия), «Iberia» (Испания) және KLM (Нидерланды) компанияларының адрестеріне тиісті ұсыныстар жөнелтілді. 

Азаматтық авиация комитеті 2019 жылғы 15-17 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Routes Silk Road – 2019 форумы аясында жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізді. 

Форумды өткізу аясында Қытайдың аса ісі әуе компаниясы — China Eastern Airlines әуе компаниясымен, сондай-ақ қытайлық Urumqi Airlines бюджетті әуе компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

 

— Биыл қандай жаңа халықаралық және ішкі бағыттар ашылды?

— Біздің Комитет нормативтік-құқықтық базаны құру және толыққанды ынтымақтастық орнату үшін авиация саласында үнемі келіссөздер жүргізеді. Биыл 7 бағыт ашылды: «Нұр-Сұлтан – Прага», «Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр», «Алматы – Баку». Қарағанды, Петропавл, Көкшетау әуежайларынан Мәскеудің Жуковский әуежайына ұшулар басталды. 

Сонымен қатар алғашқы ұлттық FlyArystan лоукостері ұшырылды, қазір ол 6-ға жуық бағытта ұшады. Биыл жыл соңына дейін тағы екі борттың қосылуы күтіліп отыр, тиісінше біз көптеген бағыттар бойынша ұшулардың артқанын байқайтын боламыз. 2023 жылға дейін олар 10-ға жуық әуе кемесін алуы тиіс, Қазақстан бойынша да, шетел бойынша да 55 бағыттың ашылуы күтіліп отыр. Жуырда ғана Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға рейс ұшатыны белгілі болды, мұнда билет құны 999 теңгеден басталады. Біз бұл ретте бәсекелестікті байқап отырмыз. Бүгінде ішкі бағыттар бойынша 8 әуе компаниясы 54 ішкі рейсті орындайды. Жалпы, жиі ұшатын азаматтар тасымалы үшін нарықта кедергілер жоқ. Халықаралық бағыттарға келсек, биыл біздің министрлік Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге дейін бағыттарды арттыру бойынша келіссөздер жүргізді. Бұған дейін Air Astana компаниясы 14 жиілікті орындаса, биыл SCAT әуе компаниясы 7 жиілікті қосты. Қазір күніне 6-ға жуық әуе компаниясы Мәскеуге ұшады. Мұның барлығы жолаушылар үшін билет құнының төмендеуіне ықпалын тигізеді. 

 

— Билеттердің бағасының мұндай айырмашылығының болуы неден? Билет құны қалай құралатынын айтып бере аласыз ба? Қандай параметрлер ескеріледі? 

— Негізгі цифрлар әуе компаниясында белгілі. Бұл коммерциялық құпия, бірақ сіздер 1000 теңгелік билеттің барлық орын үшін болмайтын акциялық баға екенін түсінулеріңіз керек. Бұл ұшақтағы орындардың 30-40%-ға жуығы, басқа орындарға билет құны басқаша әрі қымбатырақ болады. Бүгін біз ішкі нарықта көп ойыншылардың барын бақылап отырмыз, олар жаңа бағыттар ашу және әуе билеттерінің құнын төмендету бойынша өзара бәсекеге түсе бастады. Біз қазір FlyArystan компаниясының бастапқыдан-ақ қолжетімді бағадағы жаңа бағыттар ашқанын көріп отырмыз, бірақ ең алдымен нарықтың реттелмейтінін, оның құбылмалылығын ескеру қажет. Авиа тасымалдаушы ұшу күніне, пайдаланушы тарихына көңіл бөледі. Әуе компаниялары серпінді баға белгілеуді пайдаланады, онда осы көрсеткіштердің бәрін ескеретін математикалық модель тұр. Кейбір бағыттар бойынша бағаға қатысты айтылған сындардан кейін Министрлік авиакомпаниямен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу бойынша жұмыс тобын құрды, баға құруды ішкі тексеруге құзыреттері бар Монополияға қарсы комитет тартылды. 

 

— Әуеде ұшу қауіпсіздігін ұйымдастыруда қандай нәтижелерге қол жеткізілді? Әуе кемесінің барлық қажетті параметрлерге сәйкестігін бақылау процесі қалай бақыланады?

— Ұлттық тізілімде 800-ге жуық ұшақ бар, олар 40-қа жуық инспекторларға қызмет етеді. Қарапайым математика жетіспеушіліктің бар екенін көрсетеді, сондықтан 100 қадам ұлттық жоспарында авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу туралы 68-қадам анықталды.

Комитет өткен жылы ауқымды жұмыстар жасады. Биыл Мемлекет басшысы авиациялық қадағалаудың жаңа моделіне көшу туралы заңға қол қойды, ол алғаш рет нарық субъектілерін бақылау және қадағалау функциялары берілген жаңа «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құруды білдіреді. Бұл кәсіпорын бізге заманның және нарықтың сын-қатерлеріне көбірек икемделгіш болуға, жоғары біліктілігі бар инспекторлардың қажетті санын жалдауға және оларға жоғары жалақы төлеуге мүмкіндік береді.

2016 жылы ИКАО аудитінен өткеннен кейін Қазақстан қауіпсіздіктің 80-нен астам позициясы жоғары деңгейіне жетті және бүгінде біз бірқатар қазақстандық авиакомпаниялардың Еуропалық Одақтың техникалық аудитінен өтіп, Еуропаға тұрақты коммерциялық тасымалдарын жүзеге асыра бастағанын көріп отырмыз. 2016 жылға дейін айтарлықтай елеулі проблемалар болды, Қазақстан сәйкес келмеген басқа да талаптар болды.

 

— Авиация саласының кадрларын даярлау бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? 

— Өткен жылы министрлік пен біздің комитетке авиациялық салада ұшқыштар, инженерлер, диспетчерлерді дайындауды қоса алғанда, мамандар даярлаумен айналысатын Алматы қаласында орналасқан Азаматтық авиация академиясы берілді. Салалық тығыз ынтымақтастық Академия түлектеріне білім деңгейін көтеруге және академияны бітірген барлық түлектердің 100% жұмыспен қамтылуына ықпал етеді деп болжанған.

Біз білім беру процесінде нені өзгерте алатынымызды сұрап, әуежайлармен, әлеуетті тапсырыс берушілермен үнемі кездесулер мен кеңестер өткізіп отырамыз. Біздің түлектеріміз толық жұмыспен қамтылуы үшін бәрін жаңартып, үйлестіргіміз келеді. Біздің Академия негізінде шет елдерден кадрларды оқытуды бастауды жоспарлап отырмыз.

 

— Азаматтық авиацияны диспетчерлік сүйемелдеу бойынша кадрлар қаншалықты даярланған? 

— Қазіргі уақытта диспетчерлік құрамның жалпы саны 700 адамды құрайды. Жыл сайынғы диспетчерлерге қажеттілік – 35-40 адам. Оқыту негізінен Кәсіби даярлау орталығында өткізіледі, сонымен қатар Латвия мен Ұлыбританияға шағын топтармен жіберіледі. 

 

— Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік жұмыс сапары аясында ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасында азаматтық авиацияны құтқару және авиациялық іздестіру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған бағытта қандай жұмыс жүргізілетін болады? Қытай серіктестерімен қандай жобалар жоспарланған?

— Мемлекет басшысының 2019 жылғы 11 қыркүйекте Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында екі жақтың ұшақтарымен авиациялық оқиғалар орын алған жағдайда бірлескен іздестіру-құтқару операцияларын жүргізудің құқықтық негізін құруға арналған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында азаматтық әуе кемелерін құтқару және авиациялық іздестіру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісім қытай мамандарына тергеулерге, орын алған оқиғаларға және т.б. қатысуға мүмкіндік береді, сол секілді біздің инспекторлар да Қытайдағы тергеулерге қатыса алады. Бұл әлемдік тәжірибе, ИКАО-ға мүше мемлекеттер өздерінің арасында осындай келісімдерге қол қояды және ратификациялайды. Жалпы, бұл Қазақстанның ИКАО ұйымының барлық халықаралық талаптарына жауап беретінін білдіреді.

Мұндай Келісім жасау қажеттілігі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарымен анықталады.

Қол қойылған келісімді Қазақстан Республикасының Парламентінде ратификациялау жоспарлануда. Осы Келісімге қосымша ретінде Қазақстан мен Қытайдың авиациялық әкімшіліктері арасында жұмыс келісімі жасалады, онда тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі егжей-тегжейлі айқындалады.

 

— Сұхбатыңызға рақмет!

 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.