Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын әрі қарай жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

23 желтоқсан 2016, 16:40
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бизнес ахуалын әрі қарай жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында халықаралық сарапшылардың ұсыныстарының ескерілуімен әзірленген және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» тізіміндегі Қазақстан позициясын жақсартуға бағытталған жаңа заң шығару бастамаларының пакеті қарастырылды.

Анықтама:

2016 жылғы 25 қазанда жарияланған «Doing Business» рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан өткен жылғымен салыстырғанда өз рейтингісін 16 орынға жоғарылатып, 35 орынды иеленді және Бельгия (42), Италия (50), Израиль (52), Грекия (61), Түркия (69) секілді ЭЫДҰ елдерінен жоғары орынға шықты.