Түркіменстан 8 тамызға дейін Қазақстанмен шекараны жапты

05 тамыз 2016, 16:25

Түркіменстанда шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, сондықтан а.ж. 4 мен 8 тамызы аралығында жеңілдетілген тәртіпте республикаға баратын шетел азаматтары уақытша кіргізілмейді.  

Бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары Түркіменстанның Балқан уәлаятына 5 тәулікке дейін визасыз кіре алады.

Қазақстан азаматтарының тұратын орны жеке куәліктегі (төлқұжаттағы) тұрғылықты мекен-жай белгісі негізінде анықталады.  

Түркіменстан  Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, Қазақстан азаматтары жеңілдетілген кіру мерзімдерінен артық тиісті тәртіпте виза ресімдеген жағдайда жүре алады.

Жеңілдетілген тәртіп әрекет ететін ҚР азаматтары ТР аумағына халықаралық қатынастар үшін анықталған өткізу бекеттері арқылы аталған аумақтан кіріп, шыға алады.

Қазір қазақстандық-түркімендік шекарада «Темір-баба» автомобильді өткізу бекеті орналасқан. Онда кеден бекеті мен «Болашақ» теміржол кедендік бекеті орналасқан. 

Анықтама үшін:

«Темір-баба» шекара маңындағы өткізу бекеті Қарақия ауданында Ақтау қаласынан 335 шақырым жерде орналасқан. «Болашақ» теміржол кедендік бекеті автомобильдерді өткізу бекетінен 80 шақырым жерде орналасқан.