2017 жылы Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиада спорттың 8 міндетті түрі бойынша өтеді

2017 жылы Алматыда өтетін  Дүниежүзілік Универсиада спорттың 8  міндетті түрі  бойынша өтеді, деп   хабарлады бүгін   ҚР білім және  ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Үкімет отырысында (фото).

 
«Универсиада мәнерлеп  сырғанау,   шорт-трек,   таң шаңғысы,  сноуборд,  шаңғы жарысы,   шайбалы хоккей,  керлинг  сияқты  спорттың сегіз  міндетті түрі бойынша өтетін болады», - сказал Б.Жұмағұлов. 
 
Оған қоса,    қарсы алушы  тарап  жарыс бағдарламасына  спорттың  тағы  4 түрін -  шаңғымен трамплиннен секіру,  шаңғы  қоссайысы,  конькимен жарысу  және  фристайл спорттарын қосуға  құқылы.  

Министр  өз сөзінде  сондай-ақ,   ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен  Универсиадаға әзірлік жүргізетін  Ұйымдастыру комитеті  құрылғанын еске салды.  27 қарашада өткен  комитет отырысында  осынау  спорттық шараны өткізудің   өзекті мәселелері қаралды.

Универсиада жарыстары өтетін  спорт  нысандарының тізіміне  «Медеу» мұз  айдынын,  «Шымбұлақ»  тау шаңғысы курортын,   «Сұңқар»  шаңғы трамплині  халықаралық кешенін,  Б.Шолақ  атындағы  спорт  сарайын және  Алматы облысындағы Шаңғы биатлоны стадионын   енгізу  туралы шешім қабылданды.

«Және  жаңа нысандар -  Мұз сарайы мен Мұз аренасы  салынбақ.  Сондай-ақ   Атлетикалық деревня  жоспарлануда.  Елбасының тапсырмасы бойынша   салынып жатқан және   «Студенттік баспана» бағдарламасына енгізілген  Алматыдағы  студенттер  қалашығы   осы Атлетикалық деревняның    міндетін атқаратын  болады», - деді  министр.

Білім министрлігінің ақпараты бойынша,  Универсиаданы өткізуге  3 мыңға жуық  еріктіні жұмылдыру   жоспарлануда.

Осыған  орай,  Б.Жұмағұлов   біздің еліміздің  еріктілерін тәжірибе    алу мақсатында  2013 жылы  Қазанда өтетін   жазғы Олимпиадаға және  сол жылы  Италияның Трентино қаласында өтетін  қысқы Олимпиадаға   жіберуді  ұсынды.

Қазақстанның студенттер  құрамасы  Дүниежүзілік Универсиадада 1993 жылдан бері  қатысып келеді.  Универсиадаларға   біздің еліміздің  атынан барлығы 228  студент қатысқан және  28 медаль қанжығалаған (11 алтын,  күміс, 12 қола). 

                                 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу