2015 жылы қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 276 алтын медаль иеленді

09 тамыз 2016, 22:48

2015 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар әр түрлі халықаралық олимпиадаларда 1309 медалі иеленді, оның 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медальдар.

«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаеваның айтуынша, 1998 жылдан бастап еліміздің зияткерлік құрама командасы Халықаралық олимпиадаларда жаратылыстану-математика пәндері бойынша табысты нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

«2015 жылдың өзінде қазақстандық оқушылар әр түрлі халықаралық олимпиадалардың 1309 медалін иеленді, оның 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медальдар», – деді Ш. Қирабаева ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

Орталық директоры айтып өткендей, өскелең ұрпақтың интеллектуальдық дамуына Қазақстанның қосып отырған үлесін әлемдік ғылыми қауымдастық өте жоғары бағалап отыр.

Сонымен қатар, «Дарын» орталығының алдағы 2016-2017 оқу жылына арналған жоспарлары арасында математика, физика, информатика пәндері бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасын 2017 жылдың қаңтар айында өткізу көзделген. Оған шамамен 15 мемлекеттен 50-ге жуық команда келеді деп күтілуде.