2013 жылдың соңына дейін «е-Learning» электрондық оқыту жүйесіне 578 білім ұйымы қосылады

26 тамыз 2013, 14:17

Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына дейін «е-Learning» электрондық оқыту жүйесіне 581 білім ұйымы қосылады, деп хабарлады Орталық коммуникацтялар қызметі брифингінде білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов.

                                          

«Е-learning» жүйесіне 581 білім беру ұйымы қосылды, 2013 жылы жоба 926 ұйымды қамтитын болады», - делінген ведомтсвоның хабарламасында.

ҚР БҒМ ақпарына қарағанда, 2014 жылы электрондық оқыту жүйесі 1317, 2015 жылы 1311 білім беру мекемесіне енгізіледі.

                                            

«Е-learning» жобасына қатысатын білім беру мекемелерін Интернеттің 4-10 Мбит/с-ке дейінгі кең жолақты желісіне қосу қамтамасыз етіледі, педагогтердің кабинеттердегі және мұғалімдер бөлмелеріндегі жұмыс орындары жеке компьютерлік техникамен, интерактивті қондырғылармен жабдықталған. Сонымен қатар, әр мектепте және колледждерде стационарлық және оңтайлы компьютерлік сыныптар, сондай-ақ кітапханада жұмыс орны ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, жоба аясында оқушылар үшін сандық білім беру ресурстары жасақталуда. 2012 жылы 6 мектеп пәні мен колледждің 8 мамандығының 38 пәні бойынша 7043 электрондық ресурс әзірленуде. Жаңа оқу жылында оларды 2-ден 11-ге дейінгі сыныптардың химия, математика, физика, қазақ тілі пәндері сабақтарына енгізу басталады.