Қазақстандық ЖОО-дарында ағылшын тілін оқыту әдістемесін түбегейлі өзгерту қажет – Д.Болатханұлы

13 сәуір 2016, 23:26

Еліміздің ЖОО-дарында студенттерді үш тілді оқытумен қамту өзекті болып қалуда, деп мәлімдеді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дінислам Болатханұлы.   

«Студенттерді үш тілді оқыту бағдарламасымен қамту өзекті болып қалуда.(...) Студенттерге арналған ағылшын тіліндегі білім бағдарламаларының саны жеткіліксіз. Ағылшын тілін оқыту әдістемесін түбегейлі өзгерту қажет», - деді ол 2016-2019 жылдарға арналған ҚР-ның білім беруін дамыту мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар барысында.
 
Департамент басшысы баса айтып өткендей, қазіргі таңда қоғамда үш тілді білім беру мәселесі қызу талқылануда.

«Қазір оқып жатқан студенттер болашақ мамандар, олар осы ЖОО-да сапалы білім алдық, ағылшын тілін жақсы меңгердік деп айта алуы тиіс. Яғни, бұл жерде ағылшын тілінде мамандар даярлаудың деңгейлі әдісі болуы тиіс», - деді Д.Болатханұлы.