Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Магистратурада 3 мыңға жуық орын ҮИИДМБ шеңберінде кадрлар даярлауға ұсынылады - ҚР БҒМ

02 наурыз 2015, 18:00

Қазақстанда жыл сайын Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының кадрлық қажеттілігіне магистратурада 3 мың орын бөлінеді, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев.

«Яғни, жыл сайынғы жоғары білімді мамандарға қажеттілік 3 мың жұмыс орнын құрайды», - деді Т.Балықбаев. 

Сонымен, биылдан бастап бейіндік магистратура бойынша 1900 орын бөлінеді. 

«Бұл металлургия, инженерлік бейін, мұнай-химия, азық-түлік өнеркәсібі, машина құрастыру, химия және басқа да зертханалар. Бұл мақсатта таяу жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 10 млрд доллар және биыл қосымша 950 млн теңге бөлінген, ол білім беру бағдарламаларын жасауға жұмсалады», - деп баса айтты ол.