2014 жылы Астанада физика пәні бойынша 45-ші Халықаралық олимпиада өтеді - ҚР БҒМ

17 шілде 2013, 18:07

Келесі жылы Қазақстан физика пәні бойынша 45-ші Халықаралық олимпиаданың ұйымдастырушысы болады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 



Биыл аталған олимпиада Дания астанасы Копенгаген қаласында өтті, ол жерде Қазақстан құрама командасына «IPhO кітабы» табысталды, онда Астана 2014 жылы физиканың әлемдік астанасы болып белгіленген. Бұл кітап Эстониядан басталып, Данияда жалғасып, Қазақстанға 45-ші Халықаралық олимпиада ұйымдастырушысы ретінде табысталды. 

«Жеңімпаздарды марапаттаған соң Данияның ұймдастыру комитеті Қазақстанның құрама командасына салтанатты түрде физика бойынша халықаралық олимпиаданың туы, келесі жылы физика олимпиадасының Қазақстан Республикасында өткізу бойынша эстафета ретінде табысталды», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Олимпиаданың ресми жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 45-ші IPhO ұйымдастырушы елді таныстырды. 

Айта кету керек, үстіміздегі жылы Копенгагендегі олимпиадаға 81 елден 374 оқушы қатысты. Оған қоса, Қазақстан командасынан 5 адам қатысып, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Астана қаласындағы ҚТЛ 11 сынып оқушысы Жетесов Айдар, Ақтөбе ҚТЛ 10 сынып оқушысы Бралин Әмір, Тараз қаласындағы ҚТЛ 11 сынып оқушысы Раджамов Мұса және Алматы қаласының РМФМОМИ 11 сынып оқушысы Тұрсынбек Нұрислам құрметті «күміс» иегерлері атанды. Өз кезегінде, Тараз қаласындағы ҚТЛ 10 сынып оқушысы Нұрбек Дінмұхаммед қола жүлдегер болды.