Үкімет отырысында денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру мәселелері қаралады

10 шілде 2017, 14:23
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде сейсенбі күні, 11 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру, барлық дәрі-дәрмектердің бағаларын мемлекеттік реттеу мәселелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу шаралары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.