10 Шілде 2017, 08:23
Үкімет үйінде сейсенбі күні, 11 шілдеде, сағат 10:00-де Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру, барлық дәрі-дәрмектердің бағаларын мемлекеттік реттеу мәселелері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуіне жол бермеу шаралары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу