Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

27 маусымда Үкімет отырысында ҚР туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы қаралады

26 маусым 2017, 13:48
Фото: primeminister.kz

Сейсенбі күні, 27 маусымда, сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде – ҚР туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы, сондай-ақ транзит, логистика және жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және FacebookВконтактеTwitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында мәдениет және спорт, инвестициялар және даму министрліктерінің, сондай-ақ «Қазақстан Темiр Жолы» және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компанияларының басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.