Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер: субсидиялар және жеңілдікті несие түрлері қандай

Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2019, 18:30:17

Біздің еліміздің экономикасында аса маңызды орын алатын салалардың бірі — ауыл шаруашылығы саласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында дамыған агроөнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерді. Онда ауыл шаруашылығы саласының еліміздің негізгі ресурсы бола тұра, барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті толық пайдаланылмай тұрғанына назар аударылды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, фермерлерге өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету, салаға шетелдерден инвесторлар тарту мәселелерін шешуді атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанда 2021 жылға дейінгі Агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Дәл қазір ауыл шаруашылығы саласын дамытуда қандай жобалар қолға алынуда? Алтын дән егіп, тер төгіп жүрген диқандар мен мал өсіріп, ел өңірлерін ет, сүт, маймен қамтамасыз етіп отырған фермерлер үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған? Олар қандай субсидияларды пайдалана алады? 2019 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуында қандай ілгерілеу байқалды? Бұл туралы Рrimeminister.kz шолу материалынан оқыңыздар. 

Биыл фермерлер үшін қандай субсидиялар бөлінді?

Қазақстан Президентінің алға қойған міндеттері мен атап көрсеткен басымдықтары аясында 2019 жылы еліміздің фермерлері үшін бірқатар субсидия түрлері қарастырылды. Оның ішінде, өсiмдiк шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіруге жұмсалатын шығындардың құнын субсидиялау ұсынылған. Сонымен қатар жеміс-жидектер мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға және өсіруге (оның ішінде қалпына келтіруге) жұмсалатын шығындардың құнын, минералды тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау, тұқым шаруашылығын, мақта талшығының, шитті мақтаның сапасына сараптама жасауға жұмсалатын шығындар құнын қаржыландыру қарастырылған.  

Мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жұмсалатын шығындар құнын қаржыландыру көзделген. Сондай-ақ субсидия арқылы өңдеуші кәсіпорындардың құрғақ сүт, сары май және ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға жұмсайтын шығындарын, АӨК субъектілері жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу қарастырылады. 

Бұдан өзге, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты аясында кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша пайыздық мөлшерлемені қаржыландыру және мал, техника және технологиялық жабдықтарды сатып алуға арналған лизингтің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шаралары бар. Сондай-ақ ревизия жүргізу одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізуге жұмсаған шығындарын мемлекеттік қаржылай қолдау қарастырылған.

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\SERG_135.jpg

Қазақстандық фермерлерді мемлекеттік қолдау аясында ұсынылған субсидиялардың арқасында өнім, тұқым сапасы, көлемі біршама артты. Мәселен, тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде элиталық тұқымдар егілген егістіктердің үлесі 2018 жылы 5,9%-дан 2019 жылы 6,5%-ға дейін ұлғайды, сапасы төмен тұқымдарды пайдалану 2018 жылы 11,8%-дан 2019 жылы 9,2%-ға дейін төмендеді.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (АШТӨ) егетін тұқымдардың сапасын жақсарту мақсатында олардың сортты алмастыру және сортты жаңартуды жүргізу үшін жоғары репродукциялы тұқымдарды сатып алуы субсидияланады. 

Биыл тұқым шаруашылығын қаржыландыруға 9,1 млрд теңге бөлінді, бұл 38,4 мың тонна тұқым және 7,4 млн дана жеміс-жидек пен жүзімнің элиталық көшеттерін қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, мемлекет минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемін ұлғайту мақсатында тыңайтқыштарды сатып алу құнын субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсетеді. Ол үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметіне сәйкес, 2019 жылға тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 19 млрд теңге қарастырылған.

Қазіргі кезде тыңайтқыштарға қаражат бөлу процесі толық автоматтандырылған. Оны алу үшін өтінім беруші тек электрондық өтінімді толтырады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлар интеграциясының арқасында, субсидия алуға берілген өтінім деректері автоматты түрде субсидиялау шарттарына сәйкестігіне тексеріледі.

 

АӨК субъектілеріне көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары

2019 жылы мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау шараларының көлемі артты ‒ ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшін республикалық бюджеттен 119,4 млрд теңге бөлінді.

Мал шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артты, оның ішінде ет өндіру ‒ 5,5%-ға, сүт өндіру ‒ 3,2%-ға өсті. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі мал шаруашылығындағы бағдарламалардың сәтті іске асырылуына байланысты болды.

Бүгінде озық технологияларды енгізуді және экспорттық өнімдер шығаруды көздейтін жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында селекциялық және асыл тұқымды ірі қара мал, ұсақ қара мал шаруашылығына жұмсалатын шығындарды арзандату көзделген. Оның ішінде, отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа, түйе, марал сатып алуға жұмсалатын шығындар азайтылады.

Ал асыл тұқымды малды өсіру және тарату орталықтарындағы жасанды ұрықтандыру үшін қолданылатын арнайы техникалық құрал-жабдықтарға жұмсалған шығындардың 50%-ына дейін өтеу қарастырылған. Сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында бұқаларды бордақылауды, қозы, шошқа, жылқы, түйе, құс еттерiн, жұмыртқа, сүт, жүн өндірісін, жем құнын арзандату көзделген. 

Қайта өңдеу кәсіпорындарының құрғақ сүт, сары май және ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша жыл сайын 85-тен астам сүт өңдеу кәсіпорындары қаржылай қолдаумен қамтылған. Бұл ретте, биыл осы мақсатта шикізат сатып алу шығындарын қаржыландыруға 6,4 млрд теңгеге өтінім түскен. Қазіргі таңда оның 5,2 млрд теңгесі немесе 80,6%-ы игерілді. Субсидиялауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 

Осы жылдың 11 айында 80,9 мың бас ірі қара мал сатып алу үшін 824 шаруашылыққа кредит берілді, өткен жылдың осындай кезеңінде 48,2 мың бас сатып алуға 503 шаруашылыққа кредит берілген болатын. Ал 1002 шаруашылыққа 353,3 мың бас көлемінде ұсақ аналық мал басын сатып алуға кредит берілді, бұл 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда 217 мың басқа және 603 шаруашылыққа көп.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы саны 4330 басқа арналған 5 өнеркәсіптік тауарлық сүт кешені және 712 басқа арналған 8 отбасылық тауарлық сүт фермасы іске қосылды (2018 жылы — 6 мың басқа арналған 18 отбасылық, 7 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасы).

Биыл 15 мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы («Елімай Көкпекті» ЖШС, ШҚО — бір мезгілде бордақыланатын 5000 бас, «Мясная индустрия» ЖШС, БҚО — 5000 бас, «Казмяс» ЖШС, Алматы облысы — 5000 бас) пайдалануға берілді, екі бордақылау алаңында мал орны 35 мың басқа дейін ұлғайтылды («Терра» ЖШС, Қостанай облысы — мал орнын 8 мыңнан 20 мыңға дейін кеңейту, «Нұрым групп» ЖШС, Түркістан облысы — мал орнын 10 мыңнан 15 мыңға дейін кеңейту).

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\ED2_6763.jpg

Есепті кезеңде салаға 379,4 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Өсім «ҚазАгро» холдингінің кредиттік өнімдерін іске асыру арқылы қамтамасыз етілді. Мәселен, ағымдағы жылдың 11 айында несие беру көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға артып, 390,1 млрд теңгені құрады (2018 жылдың 11 айында – 311,2 млрд теңге). 92,3 млрд теңге сомасына 565 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алуға шарт жасалды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 60,8%-ға көп.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3 млрд астам қаражатқа барлығы 30-ға жуық ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаларды қаржыландыру инвесторлардың өз қаражаты есебінен де, екінші деңгейлі банктер мен «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы да жүзеге асырылуда.

Өсімдік шаруашылығы саласында жанар-жағармайдың және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау (бюджетте қарастырылған қаржы көлемі – 7,9 млрд теңге) көзделген. 

Тұқым шаруашылығын дамытуды қаржыландыру ‒ 9,5 млрд теңгені, тыңайтқыштар құнын субсидиялау ‒ 19 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер құнын субсидиялау ‒ 27,4 млрд теңгені құрады. Жеміс-жидек және жүзімнің көпжылдық көшеттерін егу және өсіру шығындарының құны 291,2 млн теңге көлемінде субсидияланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын субсидиялау көлемі 1,5 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай емес қолдау шаралары қарастырылған. Ондай шаралар қатарына ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, консультациялық қызметтер көрсету, АӨК субъектілеріне және қаржы институттарына әдістемелік және білім беру қолдауын көрсету жатады.

 

Тозған техниканы кәдеге жарату, отандық техниканы жеңілдікпен алу

Ауыл шаруашылығы саласында машина-трактор паркін жаңарту жұмыстарын жүргізу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Ол үшін субсидиялаудың тиімсіз түрлерін қысқарту есебінен, қолда бар мемлекеттік қолдау ресурстарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сапалы және заманауи техникалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген. Мәселен, отандық техниканы да, шетелдік техниканы да сатып алу кезінде инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламасы аясында бірдей шарттармен қаржыландыру ұсынылады. 

Бұл ретте, субсидияны өтеу мөлшері ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ын құрайды. Сонымен қатар, жергілікті жерлердің әкімдіктері субсидиялау мөлшерін өңірлер қаражаты есебінен өз еріктерімен арттыра (35%-ына дейін) алады. 

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\машиностроение1.jpg

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға берілетін кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау (10%-ға дейін) бағдарламасы қайта жандандырылды. Сондай-ақ, етті мал шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық бағдарламалардың қатысушылары үшін техниканы сатып алу кезіндегі кредиттер мен лизингтердің сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 4%-дан артық болмайды және кредиттеу мерзімі 15 жылға дейін ұзартылады.

ҚР АШМ ақпаратына сәйкес, 2027 жылға қарай 10 мың бірлікке дейін отандық тракторлар және аспалы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланып отыр, бұл отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасаушылар үшін ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде және сатылуында қосымша қолдау болмақ. Мұндай қолдау шараларының көлемі біртіндеп ұлғайтылатын болады. 

2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға 100 млрд теңгеден 240 млрд теңгеге дейін инвестициялар көлемін және 2021 жылға қарай техниканы жаңғыртудың 2%-дан 6%-ға дейінгі деңгейін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тозған техникасын кәдеге жаратуға тапсырып, жеңілдік қарастырылған сертификат ала алады немесе отандық жаңа техниканы жеңілдікпен сатып ала алады.

 

Өткізу нарықтарын кеңейту және экспортты дамыту шаралары

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жаңа өткізу нарықтарын ашу мақсатында импорттаушы елдердің фитосанитариялық және ветеринариялық талаптарымен келісу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі күні агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің 19 түрі Қытай нарығына жеткізіледі.

Қой еті, сиыр еті, тірі ІҚМ және союға арналған ҰҚМ, жұмыртқа бойынша Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері, балық, майлы дақылдар бойынша Еуропалық Одақ, тірі ІҚМ және союға арналған ҰҚМ бойынша Сауд Арабиясы, сиыр және қой еті бойынша Бахрейн тәрізді жаңа өткізу нарықтары ашылды. АӨК өнімдері үшін шетел нарықтарының қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында Израиль, Түркия, Кувейт, Оман, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропалық Одақ елдерімен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. 

 

Цифрландырылған АӨК

АӨК саласын цифрландыру аясында Цифрлық күн тәртібі жасалды. Оған сәйкес бірқатар жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, цифрландыруға қызығушылығы басым 466 АӨК нысанынан тұратын тізілім жасалды. Бұл тізілім байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, 2022 жылға дейін Интернет желісімен қамтамасыз етудің Жол картасына енгізілді.

Биылғы жылдың соңына дейін ел аумағында өсімдік шаруашылығы бойынша 10-нан аса, ал ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығында 5 шаруа қожалығының «цифрлық» фермасы құрылады деп күтілуде.

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\животноводство 1.jpg

Жалпы, «цифрлық» ферма деңгейіне жетудің әрбір бағыт бойынша қажетті элементтер телематикасы бар. Мысалы, егін шаруашылығында GPS-трекерлерінің, жанармай шығынын өлшеу датчиктерінің, агрометеобекеттердің, тұқым мен тыңайтқыштарды дифференциалды түрде енгізуді және т.б. қамтитын 11 элементінің болуы қарастырылады. Ал мал шаруашылығында малды индексті бағалау, табынды/үйірді компьютерлік басқару, автоматтандырылған көң шығару жүйесі және т.б. болуы тиіс. 

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\DSC_2183.jpg

ҚР АШМ берген мәліметтерге сәйкес, егіс алқаптарының электронды карталарын жасау аясында өткен жылы 26 млн га жер немесе жалпы егін алқабының 100%-ы цифрландырылды.

Мал шаруашылығын цифрландыру бойынша жайылым алқаптарының электронды карталарының үлесі жыл соңына дейін 80%-ға жеткізілетін болады. 

 

Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру 

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті екенін, жерді жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанын айтты.  

«Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс… Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес», — деген еді Қ. Тоқаев.

Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тарту және оларды алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді (қажеттігіне қарай) күшейтумен жұмысты жандандыру жөніндегі 43-тармағын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Жер туралы кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және Салық кодексіне тиісті түзетулер әзірледі.

Аталған түзетулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша тексеру кезеңдерін және мерзімдерін қысқартуды көздейді. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюдың жаңа тетігі көзделді, яғни бақылау субъектілеріне бармай, профилактикалық бақылау жүргізу ұсынылады, ол бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, жерді қашықтықтан зондтау (ғарыштық мониторинг) деректері негізінде жер учаскесін жалға беру шарттарын бұзу жолымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайтаруды көздейді.

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\животноводство 4.jpg

Сонымен қатар, бұл түзетулерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін жиырма еседен асырмай ұлғайту қарастырылған. Ұялы байланыс арналары бойынша хабарламалар жіберу арқылы, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, тексеру субъектісін хабардар ету рәсімін автоматтандыру көзделген.

 

Қазақстаннан көп экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдері қандай 

ҚР АШМ берген деректеріне сәйкес, еліміздегі ең көп экспортталған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тобына бидай және меслин (өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемінің 44,8%-ы), арпа – 14%, күнбағыс тұқымы – 7,6%, зығыр тұқымы – 7,5%, қатты бидай – 6,4%, жасымық – 2,9% жатады. 

Ең көп экспортталған мал шаруашылығы өнімдерінің тобына: тірі ірі қара мал – 44,6%, тірі ұсақ мүйізді мал – 15,9%, ірі қара мал еті – 4,8%, мұздатылған балық – 4,6%, қой еті – 3,6% кіреді.

АӨК қайта өңделген өнімдерінің тобына ұннан басқа (қайта өңделген өнім экспортының жалпы көлемінің 30,6%), мақта талшығы – 7,7%, рапс майы – 4,8%, күнбағыс майы – 4,1%, кондитерлік өнімдер – 3,0%, балық өнімдері – 3,0%, зығыр майы – 2,4%, шоколад – 1,9%, макарон және ұн өнімдері ‒ 1,6% кіреді.

C:\Users\d.shakarman\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\tild3533-6361-4231-b736-663335626638__tild3062-6363-4864-a.jpg

Үшінші елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 12,8%-ға ($1,364 млрд-тан $1,540 млрд-қа) өсті.

Биыл 10 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша құс еті басымдыққа ие болды — 11050,91 тонна құс еті Ауғанстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортталды. Сондай-ақ, сиыр еті және қой еті Бахрейн, Ұлыбритания, Германия, Иран, ҚХР, Кувейт, Қырғызстан, Оман, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария елдеріне жіберілген. Жылқы еті Австрия, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия т. б. тәрізді елдерге экспортталған. Ал шошқа еті Арменияға, Германия мен Ресейге бағытталды. 

Ал жартылай қазақстандық жартылай дайын ет өнімдерінінің (909,94 тонна) және шұжық өнімдерінің (219,89 тонна), ет консервілерінің (684,36 тонна) негізгі тұтынушылары Қырғызстан мен Ресей болды. 11173,76 тонна сүт және сүт өнімдері Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Оман, БАӘ, Польша, Ресей, Сауд Аравиясы, Сингапур, АҚШ, Түркия, Өзбекстан елдеріне жіберілген.

Анықтама:

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мал экспортының көлемі:  

  • ірі қара мал – 129 282 бас (Әзербайжан, Армения, Грузия, Беларусь, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан).

  • ұсақ қара мал – 241 465 бас (Әзербайжан, Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, БАӘ, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан).

  • жылқы – 861 бас (Ауғанстан, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан).

  • шошқа – 8 бас (Ресей).

  • түйе – 655 бас (Грузия, Ресей, Өзбекстан).


Жаңалықтар тізбегі
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:05
«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
30 Қаңтар 2020, 14:29
Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат
30 Қаңтар 2020, 11:13
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 19:38
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 16:01
ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады
29 Қаңтар 2020, 12:43
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
28 Қаңтар 2020, 20:40
Президенттің тапсырмаларын орындау, Су ресурстарын басқару жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау, халықты коронавирустан қорғау немесе Үкімет отырысы қалай өтті
28 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.01.2020
28 Қаңтар 2020, 18:45
Е. Біртанов: коронавирусқа қатысты тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген жөн
28 Қаңтар 2020, 18:13
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанның автоөнеркәсібінің 2020 жылға даму жоспары туралы баяндалды
28 Қаңтар 2020, 16:17
ҚР СІМ ҚХР-дағы қазақстандық студенттер үшін арнайы бортты ұйымдастыру мәселесін пысықтауда
28 Қаңтар 2020, 15:31
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
28 Қаңтар 2020, 14:46
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады 
28 Қаңтар 2020, 13:06
2020 жылы инвестициялар экономикалық өрлеудің негізгі қозғаушы күшіне айналады — Р. Дәленов 
28 Қаңтар 2020, 11:03
2020 жылы ақпанда банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады — М. Әбілқасымова
28 Қаңтар 2020, 10:46
Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді
28 Қаңтар 2020, 10:14
Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады — М. Мырзағалиев
28 Қаңтар 2020, 09:51
Үкімет ҚР Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті
28 Қаңтар 2020, 09:42
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
28 Қаңтар 2020, 09:29
Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі мұқият пысықтау қажет — Р. Дәленов
28 Қаңтар 2020, 01:27
Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды
27 Қаңтар 2020, 21:47
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 21:36
Қазақстан Президенті БАӘ-нің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі
27 Қаңтар 2020, 21:31
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ға сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:34
Б. Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:28
Роман Скляр республикалық автожолдардағы ТЖ мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді
27 Қаңтар 2020, 18:47
Жанат Элиманов ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
27 Қаңтар 2020, 16:20
Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді
27 Қаңтар 2020, 14:29
28 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қаңтар 2020, 15:28
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №45
26 Қаңтар 2020, 14:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
24 Қаңтар 2020, 20:12
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдерді қабылдады
24 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.01.2020
24 Қаңтар 2020, 18:40
Б. Сапарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
24 Қаңтар 2020, 18:37
Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді
24 Қаңтар 2020, 17:16
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов
24 Қаңтар 2020, 16:28
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді
24 Қаңтар 2020, 15:58
2019 жылы Алматы облысында 48 мыңнан аса жұмыс орны ашылды
24 Қаңтар 2020, 15:26
О. Оразалин: 2019 жылы Ақтөбе облысында өңір үшін рекордты көрсеткіш — 1 млн ш.м. жуық тұрғын үй пайдалануға берілді
24 Қаңтар 2020, 15:01
2019 жылы 136 мың отбасы мұқтаждық деңгейінен шығарылды — Б. Сапарбаев
24 Қаңтар 2020, 14:42
2019 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-да барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны қамтамасыз етілді
24 Қаңтар 2020, 12:46
Теңгені нығайту және ұлттық валютадағы депозиттерді ұлғайту: Е. Досаев 2019 жылдың қорытындысы бойынша қаржы секторының жай-күйі туралы баяндады
24 Қаңтар 2020, 11:30
Үкімет 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарып, 2020 жылға міндеттер қойды
24 Қаңтар 2020, 10:56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
23 Қаңтар 2020, 17:16
Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады
23 Қаңтар 2020, 17:13
Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
22 Қаңтар 2020, 15:26
Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
22 Қаңтар 2020, 11:50
24 қаңтарда Үкімет үйінде Президент Қ. Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
22 Қаңтар 2020, 11:43
Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады
22 Қаңтар 2020, 11:39
Ә. Смайылов ҚР-да инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
21 Қаңтар 2020, 19:30
Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің отырысына қатысты
21 Қаңтар 2020, 18:44
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды
21 Қаңтар 2020, 16:41
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі