Салық амнистиясын пайдаланған ШОБ субъектілерінің 4,4 млрд теңге айыппұлы мен өсімпұлы есептен шығарылды

Сейсенбі, 31 Желтоқсан 2019, 10:20:17

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында еліміздегі бизнес ахуалды жақсарту мақсатында салық рақымшылығын жүргізуді тапсырған болатын. «Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40%-ға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын», — деді. Осы тапсырманы іске асыру аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару шаралары қолға алынды. Сонымен қатар, биыл жеке тұлғалар үшін де салық рақымшылығы шаралары жүргізілді. Елімізде жалпы салық берешегі бар тұлғалардың саны қанша? Бұл шара аясында салық рақымшылығына кімдер ілігеді? Салық рақымшылығы қай кезеңдерде жинақталған салық қарыздарын қамтиды? Олардың қаншасы кәсіпкерлерге, қаншасы жеке тұлғаларға тиесілі? Кәсіпкерлердің салық берешектерінің туындауына не себеп? Бұл туралы толығырақ туралы Primeminister.kz-тің шолу материалынан оқыңыздар. 

Салық рақымшылығы дегеніміз не?

Салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін уақытылы және толық орындамаған жағдайда оның салық қарызына өсімпұлдар мен айыппұлдар қосылады. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару үшін салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беруі қажет емес. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушінің жеке есепшоттарына күнделікті мониторинг жүргізеді және негізгі қарызды төлеген жағдайда үш күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

Биыл жүргізілген салық рақымшылығы Қазақстанның тарихындағы төртінші рет жүзеге асырылған шара болды. Бұған дейін 1999, 2011 және 2015 жылдары салық амнистиясы өткізілген болатын. 

2011 және 2015 жылдары өткізілген тек соңғы екі шара шеңберінде өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша жалпы сомасы 143,7 млрд теңге, оның ішінде 2011 жылы — 23,1 млрд теңге, ал 2015 жылы — 120,6 млрд теңге есептен шығарылды.

Бірнеше рет жүргізілген салық рақымшылығы шараларының арқасында бизнес өкілдері жиналған қарыздарынан құтылып, заңды коммерциялық қызметін жалғастыруға мүмкіндік алғанын айта кеткен жөн. 2015 жылы салық рақымшылығына қатысқан салық төлеушілердің 67%-ның, яғни 680 мыңнан астам салық төлеушінің бүгінгі күні еш салық берешегі жоқ. Оның 17 мыңы – заңды тұлға, 105 мыңы – жеке кәсіпкер, ал 557 мыңы – жеке тұлға. 

Салық рақымшылығын жүргізу туралы шешімді тек Мемлекет басшысы қабылдайды. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, сондықтан мұндай шаралардың алдағы уақытта өткізілу-өткізілмеуі беймәлім. Бәлкім, бұл соңғы рет жүргізілген салық амнистиясы да болуы мүмкін.  Биыл салық төлеушіге негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өсімпұлсыз және айыппұлсыз төлеу мүмкіндігі ұсынылды. 

Заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлерде салық берешегі туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары қабылдайды, ал жеке тұлғалардың салық берешегін өндіруді сот орындаушылар мемлекеттік кірістер органдардың салық бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

https://lh4.googleusercontent.com/4Ay8A6AuJT8PjLAJ1Hlq648cV6dYHDu0M5AlgtExreu4YRDavGyN9B7m6eaoYTIuQL_DWKg3FwO4bWXpvLU6vmccDiwLzslWsdbTu3M79ygLVnqMbIkp7d7vpQ1un8x_JI9kJ9Dk

Бұл ретте, салық міндеттемелерін орындаудың мерзімі өткен әр күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде борышкердің дербес шоттарында өсімпұлды қосымша есептейді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салық рақымшылығына орай, салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген берешегін төлеген жағдайда, оған есептелген өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды.

Ал жеке тұлға ретіндегі салық төлеуші 2018 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерін қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салық міндеттемелері бойынша түзілген берешек сомасын 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасы, сондай-ақ төлеу күнін қоса алғанда, төленген күнге дейін осындай берешек сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы салықтық берешек деп танылмайды, бюджетке енгізуге жатпайды.

2019 жылғы салық рақымшылығына барлығы 1,5 млн салық төлеуші ілігеді деп шамаланды, олардың жалпы берешегі 224,3 млрд теңгені құрады, өсімпұл мен айыппұл сомасы — 135,6 млрд теңге, оның ішінде:

  • 1 млн заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің берешек сомасы — 210,4 млрд теңге, ал өсімпұл мен айыппұл сомасы — 129,3 млрд теңге;
  • 1,4 млн жеке тұлғаның салық берешегі — 13,9 млрд теңге, өсімпұл мен айыппұл көлемі — 6,3 млрд теңге.

2019 жылдың 1 карашасындағы жағдай бойынша берешегі бар тұлғалардың саны 1 422 872 болды. Олар өтеуі тиіс қаражат көлемі 359,7 млрд теңгені құрады. Ал 2019 жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 2 719 830 мың теңге болатын өсімпұл есептен шығарылды, айыппұл бойынша жалпы сомасы 162 745 мың теңгеге есептен шығарылды.

Жалпы, еліміз бойынша 2019 жылдың 11 айында 14 млрд теңге салық берешегі өтелген. 

Салық түрлері (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы т.б.) бойынша ең көп берешек қосылған құн салығына тиесілі болды. Ол 93,6 млрд теңге немесе 44,3% құрады, одан кейін корпоративтік табыс салығы бойынша берешек 90 млрд теңге немесе 42,8% мөлшерінде болды. 

Салық берешегі үшін есептелген өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару үшін салық төлеуші өзінің қарызын толық көлемде өтеуі тиіс еді. Яғни, бұл ретте бөліп төлеу мүмкіндіктерін ұсыну қарастырылмады. Тек, салық берешегін қайтара алмайтын жағдайда кәсіпкерлер үшін Салық кодексінің 6-тарауында салықтық міндеттемелері орындау мерзімін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, ондай мүмкіндік салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою немесе банктік кепілдігі арқылы салық төлеуді кейінге қалдыруды (6 айға дейін) және мерзімін ұзартуды (36 айға дейін) қарастырады. Сонымен қатар «Оңалту және банкроттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында оңалту және төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімдері қарастырылған.

 

Бизнес үшін салық рақымшылығы қалай жүргізілді?

Биыл 3 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік қолдау және салық төлеушілердің қарыздарын нөлдеу нәтижесінде бұғатталған банк есепшоттары ашылып, мүлікті пайдалануға шектеулер алынып тасталғанын атап өтті, бұл кәсіпкерлерге өз қызметтерін жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік берді. Ал қаржы министрі Әлихан Смайылов а.ж. 1 қарашадағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің 46%-ы амнистияны пайдаланғанын жеткізді, олар 13 млрд теңге салық төлеген. Нәтижесінде, ШОБ субъектілерінің 4,4 млрд теңге айыппұлдары мен өсімпұлдары есептен шығарылған. 

Сонымен қатар, қазіргі кезде жеке кәсіпкер болып саналмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметі бойынша салық берешегі бар жеке тұлғалардың салық қарыздарын есептен шығару жұмыстары жүргізілді. 15 жылдан астам уақыт бұрын кәсіпкерлік қызметі бойынша пайда болған салық берешегі бар, ал қазір жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген 2 980 жеке тұлғаның 100 млн теңге мөлшеріндегі қарызы есептен шығарылды. Бүгінгі таңда бұл санаттағы салық төлеушілер бойынша жұмыстар толық аяқталды.

https://lh5.googleusercontent.com/IkFYGk04Up6qcgfXbb4awxowGnW7NnmF0-G9cWRZ03VUDDsNYoqqrT9_dNpPIa0_q3La7LjbvnKsmBgBBcDJj9iWz8i9Db6t2pF9wqA6T8sHaClmGKz5U5eLVKpZHH55E2DoRGnT

Кәсіпкерлердің салық берешектерінің туындауының негізгі себебі — салық төлеуші ретінде салықтық міндеттемелерін өз бетінше орындамауы болып отыр. 

Қазақстан Президенті «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты биылғы Жолдауында 2020 жылғы қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енетінін мәлімдеген болатын. 

«Бизнес өкілдері тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс. Мораторий кезеңінде өзін-өзі реттеу, қоғамдық бақылау тетіктерін жандандыру керек. Бизнес өкілдері санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді бұзатын болса, ондай компаниялар жабылып, иелері жауапкершілікке тартылады. Осылайша, шағын бизнеске түсетін ауыртпалықты азайтамыз», — деді Қ. Тоқаев.

 

Жеке тұлғалар үшін салық амнистиясы қалай жүргізілді?

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2019 жылғы 4 шілдеде жеке тұлғаларға салық рақымшылығын жүргізу туралы заңға қол қойды, бұл заң 2019 жылғы 16 шілдеден бастап күшіне енді. Жеке тұлғаларға бойынша айыппұлдарды есептен шығару ережесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығымен бекітілді. 

Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаларға салық рақымшылығы шараларын жүргізу үшін ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін есепшоттарды түгендеу жүргізілді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жағдай бойынша жеке тұлғалардың бюджет алдындағы салық қарызы 20,2 млрд теңге болды. Оның ішінде негізгі борыш көлемі – 13,9 млрд теңге, есептелген өсімпұл көлемі – 6,3 млрд теңге. 2019 жылдың 11 айында салық рақымшылығы шараларын 548 970 салық төлеуші жеке тұлға пайдаланды, олар 12,6 млрд теңге көлеміндегі салық қарызын өтеген. 

Салық түрлері бойынша жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі көп болған (14,4 млрд теңге, 70%). Бұл ретте, жеке тұлға салық берешегіне есептелген өсімпұлды есептен шығару үшін қарызының тек негізгі сомасын төлеуі қажет болды, ол үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер органдары өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығарады. 

Ал ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығының шарттары мен өткізілу тәртібі туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов салық берешегі бар әрбір азаматтың биылғы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды алып тастау бойынша осы науқанды пайдалана алатынын айтқан болатын. 

Яғни, жеке тұлға салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылады. 

«Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарына мониторинг жасайды және олар негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады», — деп түсіндірді Қанат Баеділов. 

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын салықтық берешегі болған. 

«Оның ішінде негізгі борыш – 14,3 млрд теңге, есептелген өсімпұл – 6,6 млрд теңге. Салық берешегінің ең көп сомасы – 70%-ы көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі. Жер салығы бойынша берешекке – 12%, мүлік салығына – 6,7% тиесілі», — деді Қ. Баеділов.

https://lh6.googleusercontent.com/35LZ5DP4ohoioPKyM3PP4i0q7RiSKc46wrg9l4J-FOcJd7syzG0HvBIvwZqmrKDmDNJ-IDausG8L0VvS0SVjqocbAeEztYKayNGRl6E_sM2cLUhP7B_MKB6cmapU75tRU9sJR5zn

Қаржы министрі Ә. Смайылов а.ж. 3 желтоқсан күні өткен Үкімет отырысында қабылданған бюджетке салық төлеуді ынталандыру шараларының нәтижесінде жалпы берешекті төмендету мүмкін болғанын айтқан еді. 

«Ағымдағы жылы шағын және орта бизнеске (2019 жылдың қаңтарынан бастап) және жеке тұлғаларға (2019 жылдың тамыз айынан бастап) негізгі қарызды төлеген жағдайда есептелген өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару жолымен салық амнистиясы жүргізілуде», — деді ол. 

Ол жеке тұлғалардан 30%-дан астам борышкерлер 10 млрд теңге сомасына негізгі қарызын өтегенін айтты. Жыл басынан бері жеке тұлға санатынан 548 970 адам бойынша 2,3 млрд теңге көлемінде айыппұл мен өсімпұл есептен шығарылды, төленген негізгі салық сомасы 12,6 млрд теңгені құрайды.

Жеке тұлғаларға арналған салық рақымшылығы әлеуметтік жағдайына қарамастан, қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда салықтың берешегі бар барлық азаматтар үшін қарастырылған. Салық бойынша қарызы ең көп жеке тұлғалар Шымкент қаласында – 148 мың адам, ал жалпы салық қарызының ең көп мөлшері Алматы қаласында – 5,5 млрд теңге.

Егер салық төлеуші биылғы жылы негізгі салық берешегі мен оған есептелген өсімпұлдарды төлеп қойған болса, онда бұл жағдайда төленген өсімпұл сомасы жеке тұлғаға қайтарылады. Бұл үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына хабарласуы керек. Жеке тұлғаның салық берешегінің мөлшері 20 АЕК-тен асқан кезде оның шет мемлекеттерге шығуына шектеу қойылады.

Айта кетейік, салық рақымшылығы шаралары жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты қолданылмайды.

 

Салық рақымшылығына кімдер ілікпейді?

ҚР Қаржы министрлігінің хабарлауынша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша әзірленген түзетулерге сәйкес, салық рақымшылығына келесі кәсіпкерлердің түрлері жатқызылмайды:

  • мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер;
  • жер қойнауын пайдаланушылар, одан басқа, тек жер асты суын, емдеу балшығын өндіру құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылар;
  • акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер.

Қалған кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар салық рақымшылығы шараларына ілікті. 

Салық жеңілдігі шарасына ілікпейтін кәсіпкерлердің тізімі жасалған жоқ, себебі, әрбір салық төлеуші кәсіпкердің өзінің кәсіп түрін білуі жеткілікті болды.

Сонымен қатар, ірі салық төлеушілер салық рақымшылығына ілікпейді. Ірі салық төлеушілерге тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.

Ең басты шарт – салық рақымшылығына ілігу үшін кәсіпкер салық берешегін толығымен өтеуі қажет. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің жеке есепшоттарына күнделікті мониторинг жүргізді және негізгі қарызды төлеген жағдайда үш күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарып отырды.

Салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер салық төлеушілер үшін Мемлекетік кірістер комитетінің сайтында, электрондық үкімет порталында, салық төлеушінің электрондық кабинетінде, мемлекеттік кірістер органдарында қолжетімді болды.

 

Салық рақымшылығының қорытындысы 

ҚР Қаржы министрлігі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың 11 айында салық рақымшылығы шарасын 592 725 салық төлеуші пайдаланды. Олар 27,6 млрд теңге көлеміндегі берешек сомасын төлеп, 7,8 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылды. 

Атап айтқанда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден 43 838 салық төлеуші 15 млрд теңге берешегін төлеп, 5,5 млрд теңгеге өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды. Оның ішінде: 

  • 31 196 кәсіпкердің 1 млрд теңге көлеміндегі өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды; 
  • 12 642 кәсіпорын бойынша 4,5 млрд теңгеге өсімпұл және айыппұл сомасы есептен шығарылды.

Ал жеке тұлғалардан 548 970 салық төлеуші 12,6 млрд теңге берешегін өтеп, 2,3 млрд теңгеге өсімпұлдар есептен шығарылды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп төленбеген салық мөлшері құрылыс саласында болды. Ол 64,3 млрд теңгені немесе 31% құрады. 

Өңірлер бөлінісінде ең үлкен берешек сомасы Алматы қаласына тиесілі болды, бұл қала тұрғындарының салық бойынша берешегі 46,8 млрд теңгені немесе 22,2% құрайды. 

Ал салық түрлері бойынша ең көп берешек қосылған құн салығына тиесілі — ол 93,6 млрд теңгені немесе 44,3% құрады, одан кейін корпоративті табыс салығы бойынша берешек 90 млрд теңгені немесе 42,8%-ды құрады. 

Кәсіпкерлерді Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар ету, атап айтқанда, салық рақымшылығы шараларын насихаттау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Салық төлеушінің электрондық кабинетіне рақымшылықта қатысатын хабарлама жолданды, ұялы байланыс операторымен SMS хабарлама жіберілді. 

Сонымен қатар жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Актау, Атырау, Маңғыстау, Орал, Шымкент, Өскемен қалаларында Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізілді. БАҚ өкілдері үшін брифингтер өткізіліп, телеарна мен радиода сұхбат берілді. 

Ал әлеуметтік желілерде, Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсында жүргізіліп жатқан рақымшылық шаралары туралы ақпарат орналастырылып, оны пайдаланған салық төлеушілер саны мен рақымшылықтың аяқталуына қалған күндер туралы хабардар ететін «есептегіш» жүргізіліп отырды. 


Жаңалықтар тізбегі
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 19:35
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:05
«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
30 Қаңтар 2020, 14:29
Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат
30 Қаңтар 2020, 11:13
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 19:38
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 16:01
ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады
29 Қаңтар 2020, 12:43
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
28 Қаңтар 2020, 20:40
Президенттің тапсырмаларын орындау, Су ресурстарын басқару жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау, халықты коронавирустан қорғау немесе Үкімет отырысы қалай өтті
28 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.01.2020
28 Қаңтар 2020, 18:45
Е. Біртанов: коронавирусқа қатысты тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген жөн
28 Қаңтар 2020, 18:13
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанның автоөнеркәсібінің 2020 жылға даму жоспары туралы баяндалды
28 Қаңтар 2020, 16:17
ҚР СІМ ҚХР-дағы қазақстандық студенттер үшін арнайы бортты ұйымдастыру мәселесін пысықтауда
28 Қаңтар 2020, 15:31
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
28 Қаңтар 2020, 14:46
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады 
28 Қаңтар 2020, 13:06
2020 жылы инвестициялар экономикалық өрлеудің негізгі қозғаушы күшіне айналады — Р. Дәленов 
28 Қаңтар 2020, 11:03
2020 жылы ақпанда банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады — М. Әбілқасымова
28 Қаңтар 2020, 10:46
Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді
28 Қаңтар 2020, 10:14
Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады — М. Мырзағалиев
28 Қаңтар 2020, 09:51
Үкімет ҚР Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті
28 Қаңтар 2020, 09:42
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
28 Қаңтар 2020, 09:29
Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі мұқият пысықтау қажет — Р. Дәленов
28 Қаңтар 2020, 01:27
Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды
27 Қаңтар 2020, 21:47
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 21:36
Қазақстан Президенті БАӘ-нің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі
27 Қаңтар 2020, 21:31
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ға сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:34
Б. Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:28
Роман Скляр республикалық автожолдардағы ТЖ мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді
27 Қаңтар 2020, 18:47
Жанат Элиманов ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
27 Қаңтар 2020, 16:20
Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді
27 Қаңтар 2020, 14:29
28 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қаңтар 2020, 15:28
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №45
26 Қаңтар 2020, 14:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
24 Қаңтар 2020, 20:12
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдерді қабылдады
24 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.01.2020
24 Қаңтар 2020, 18:40
Б. Сапарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
24 Қаңтар 2020, 18:37
Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді
24 Қаңтар 2020, 17:16
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов
24 Қаңтар 2020, 16:28
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі