Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары ҚХР-ға одан әрі экспорт жасау үшін аудиттен өтеді

03 сәуір 2017, 18:19
Фото: primeminister.kz

2017 жылғы сәуірдің үшінші он күндігінде арнайы қытай ведомствосы Қазақстанға азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі мен қой етін өңдейтін кәсіпорындарды тексеруге келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың ҚХР-ға сапары кезінде Қытай тарапы санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар, қазақстандық өнімді және ҚР ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын сертификаттау мен тіркеу саласындағы мәселелер бойынша келіссөздер үдерісін жылдамдатуға дайын екендерін растады.

Қазақстан өтінімі басымдықты жағдайда кезектен тыс қаралды. Сонымен қатар ҚХР-дың Қадағалау, бақылау және карантин инспекциясы жөніндегі бас басқармасы рұқсат беру рәсімдерін қысқарту мақсатымен, инспекцияның екі кезеңін – азық-түлік қауіпсіздігі жүйесі мен қой етін өңдейтін кәсіпорындар инспекциясын біріктіру туралы шешім қабылдады.

Аталған жұмыс – ҚР-дан ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді бастаудың маңызды қадамы. Ол шектеулерді жойып, Қытай нарығына Қытайдың уәкілетті органдарының қолданыстағы талаптарына сай рұқсат алуға бағытталған.

ҚР АШМ «Атамекен» ҰКП мен ЖАО-мен бірлесіп, әрекет етіп тұрған барлық кәсіпорынды салыстырып, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өтінімдерді рәсімдеуге көмек көрсетті.

«Әрине, бір инспекция аясында барлық кәсіпорындарды тексеру мүмкін емес, дегенмен азық-түлік қауіпсіздігі жүйесіне жалпы баға беріледі. Ең бастысы, бірлесіп аталған инспекцияны сәтті өткізіп, еліміздің әлеуетін көрсету қажет», - деді Г. Исаева.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде келешекте кәсіпорындарды Қытай нарығына өнім жеткізудің тізіліміне өз бетімен қосу құқығын алуды жоспарлайды.

«Біз Қытайдың ветеринарлық қызметімен біздің ветеринарлық қызмет кепілдігімен немесе біздің жүйе аудитінің қорытындысы шыққан соң, өзіміз еліміздің кәсіпорындарын олар Қытайға өз өнімдерін экспорттай алуы үшін, тізілімдемеге қосып, аттестаттау құқығын өзімізге алу жөнінде келісе аламыз деген сенімдеміз. Мұндай тетік бізде өзге елдермен іске қосылған, мәселен, ЕАЭО аясында осы тетік қолданыста», - деді вице-министр.

1/2
2/2