Қазақстанның медиаторлары еліміздің азаматтары үшін  тегін кеңес береді

05 тамыз 2016, 19:39

Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Медиация күні» республикалық акциясы өтуде, оның аясында аймақтың барлық достық үйлерінде тегін негізде кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен азаматтарды қабылдау жұмысы жүріп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция медиация институтын дәріптеу және дамыту мақсатынды өткізіледі, оның аясында ашық есік күндері өткізіледі.

«Жалпы республика бойынша 300-ден астам кабинет жұмыс жасайтын болады және ол жерде кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тегін негізде кеңес өткізетін болады. Осыған орай, алдын ала хабарландырулар жапсырылды», - деді «Қоғамдық келісім» медиацияны дамыту бөлімінің бас сарапшысы Дәурен Алпамысұлы.

Осылайша, сарапшының айтуынша, акция бір күн болады. 

«Бұл акция медиация институтын насихаттап, дамыту үшін жасалуда. Кабинет таңертеңнен кешке дейін тегін негізде жұмыс жасайды. Әрбір кабинетте сенім телефоны бар», - деді ол.

Сонымен қатар, сол күні тұрғындарға медиация кабинетінің сенім телефондары мен мекен-жайы жазылған буклеттер таратылады, сондай-ақ келушілерге арнап кәсіби медиаторларды тарта отырып ситуациялық тренинг өтеді.