Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

«ЖҚЖК 2020» түсіндіру бойынша мобильдік топтар ҚР ауылды жерлерінде 2015 жылдың 15 наурызынан бастап жұмыс жасайды – ДСӘДМ

27 ақпан 2015, 23:12

15 наурыздан бастап ҚР ауылды жерлерінің тұрғындары үшін «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша мобильдік топтар жұмыс жасай бастайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде. 

«2015 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР ауыл тұрғындары үшін «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта арнаулы мобильдік топтар құрылып, олардың құрамына ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттерінің және жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері кіреді», - делінген хабарламада. 

Министрлікте түсіндіргендей, мамандар ауылдарда тұратын жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен айналысатын азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіріп, қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу мәселелері бойынша кеңестер береді. 

Сонымен қатар, мобильдік топтардың мүшелері тұрғындармен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, әкімдіктермен бірлесіп жұмыспен қамту, шағын несие беру мүмкіндіктерін қарастырады. Әрі қарай жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жергілікті жерлерде азаматтарды жұмыспен қамтуға көмектеседі.