Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Президенті Жолдауын жүзеге асыру аясында Павлодар облысында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жүргізіледі – Қ.Бозымбаев

21 қараша 2014, 22:33

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында Павлодар облысында тұрғын үй секторын дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр, деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ОКҚ брифингінде.
 
«Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауының басымдықтарының бірі тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту болып табылады. Бүгінгі таңда 12 мың павлодарлық баспана кезегінде тұр. Облыс дамып, жаңа өндірістер ашылуда, халық саны артып келеді, басқа өңірлерден мамандар келіп жатыр. Барлығының басында баспана болса екен дейміз. Президенттің «Нұрлы Жол» жолдауын жүзеге асыру облысымыздағы осы мәелені шешуге септігін тигізді», - деді Қ.Бозымбаев.

Оның айтуынша, өңірде жалпы құрылыстың жоғары қарқыны байқалуда. Жалпы биылғы жылы Павлодар облысында қаржыландыру көздері есебінен 165 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған. Олардың 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп қойды.