Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Жамбыл облысында 53 әлеуметтік нысан жөнделеді

31 тамыз 2016, 21:22
Жамбыл облысы
Фото: МЗСР РК

2016 жылы Жамбыл облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2,4 млрд теңге сомаға 53 инфрақұрылымдық нысан жөнделеді. Оның ішінде 52 нысанда күрделі жөндеу, 1-уінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Жөнделетін ғимараттардың 31 – білім беру, 22 – денсаулық сақтау инфрақұрылым нысаны болып табылады. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1004 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 509 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады», - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні 45 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 801 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 424 адам – ЖҚЖК-2020 бағдарламасына қатысушылар.

Анықтама үшін:

2015 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.