Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылы Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді

Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2019, 09:34:22

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы туралы Үкімет отырысында  әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады. 

М. Бекетаев атап өткендей, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары бекітілген кезде онымен 27 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделген болатын. Алайда, әзірлеуші органдардың ұсыныстары негізінде Жоспарға жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, онымен қазіргі уақытта 32 заң жобасын әзірлеу көзделеді. Олардың барлығы Парламент қарауына енгізілді.

«Оның ішінде 3 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды, жиырма 9 заң жобасы Парламенттің қарауында», — деді министр. 

Жыл ішінде Жоспарға 10 рет түзетулер енгізілді. Аталған түзетулермен 4 заң жобасы енгізілді, 12 заң жобасы бойынша мерзімдер ауыстырылды,  бір заң жобасы екіге бөлінді. 

М. Бекетаевтың айтуынша, заң жобасының тұжырамдамасын әзірлеу сатысында құқық қолдану тәжірибесіне сапасыз талдауды жүргізу, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тарапынан қажетті бақылаудың болмауы жоспарда белгіленген мерзімдердің бұзулуының негізгі себептері болып табылады.

Сонымен қатар, әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларының ережелерін мақсатты топтармен талқылау бойынша тиісті жұмысты жүргізбеген. Бұл факторлар 2019 жылға жоспарланған заң жобалардың мерзімдерінің жартысын ауыстыруға алып келді.

«Нәтижесінде, ІІ  жартыжылдықта Парламентке 13 заң жобасы емес, 25 заң жобасы енгізілді, яғни бастапқыда жоспарланған санынан екі есе көп. Бұл әрине, Парламент депутаттары мен Президент Әкімшілігі тарапынан негізді сынға әкелді», — деді М. Бекетаев.

Заң жобалау мәселелері бойынша да бірнеше жиналыстар өткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Әділет министрлігімен заң жобалау қызметіне бақылауды күшейтуге және заң шығармашылық жұмысының сапасын арттыруға бағыттылған бірқатар шешімдерге түзетулер әзірленді. Аталған түзетулер жоспарланған заң жобаның мерзімін ауыстырғаны немесе мерзімдерін бұзғаны үшін әзірлеуші-мемлекеттік органның жауапты тұлғаларының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл түзетулер барлық министрліктермен келісілді. Тиісті қаулы жобасы Премьер-Министр Кеңсесінің қарауында.

Бұған қоса, заңдарды әзірлеу, олар бойынша қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімдерін жетілдіру мақсатында, Әділет министрлігі заң шығару процесін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер топтамасын әзірледі. Тиісті заң жобасы Үкімет отырысында мақұлданды және жақында Парламент қарауына енгізілетін болады.

«Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған ұстанымдар Үкіметтің заң жобалау жұмыстарын сапалы жоспарлауды, сондай-ақ Үкіметке және Парламентке заң жобаларын уақытылы енгізуге оң әсер етеді», — деді министр.

 Сонымен қатар Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспар жобасы туралы айтты.

Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен бірлесіп Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Жоспар жобасы Президент тапсырмаларының және стратегиялық құжаттарда айқындалған міндеттер негізінде әзірленді.

Жоспар жобасы 17 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Әзірленетін заң жобалары түрлі салаларды одан әрі дамытуға бағытталған. Мысалы, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт, әскери қызмет және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары т.б.

Алдағы жылы «Ерекше тауарларды бақылау туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және «Ардагерлер туралы» жаңа жекелеген заң жобаларын әзіреу көзделіп отыр.

Жоспар жобасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобалары көзделген. Олар -  мемлекеттік сатып алулар, дене шынықтыру және спорт, аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобалары.

Мысалы, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу сатып алу рәсімдерін оңайлату және өткізу рәсімдерінде артық реттеуді жою нәтижесінде мемлекеттік сатып алуларды тиімді өткізуге ықпал ететін болады. Әзірленетін заң жобаладың ең көбі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиесілі, әрқайсысы 3 заң жобасынан әзірлейді.

Қаржы, ұлттық экономика, сыртқы істер, мәдениет және спорт, геология және табиғи ресурстар, министрліктері екі заң жобасынан әзірлейтін болады. Қорғаныс министрлігі бір заң жобасын әзірлейді.

Министр атап өткендей, заң жобаларын Парламентке ұсыну мерзімдері біркелкілік жағына қарай қайта қаралды.

Осылайша, Жоспар жобасында қарастырылған 17 заң жобасынан 2020 жылдың І жарты жылдығында Парламентке 8 заң жобасын, ал ІІ жарты жылдықта 9 заң жобасын енгізу көзделген.

Жоспар жобасы барлық мемлекеттік органдармен және Президент Әкімшілігімен келісілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.