Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министріне Ақмола облысындағы жұмыспен қамтудың нәтижелері баяндалды

04 тамыз 2017, 17:30
Ақмола облысы
Фото: primeminister.kz

Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Көкшетау қаласының Жұмыспен қамту орталығын аралады және өңірдің тұрғындарын еңбекпен қамтуға жәрдемдесу шараларын қарады.

Орталықты аралау барысында Бақытжан Сағынтаев операторлар жұмыс жасайтын операциялық залды қарап шықты. Өз кезегінде мекеме директоры Ерік Мұратбеков өңір тұрғындарына еңбекпен қамтуға көмек көрсетудің іске асырылып жатқан бағдарламалары туралы баяндама жасады.

2017 жылы орталықтың жәрдемдесуімен 706 адам еңбекпен қамтылды, 90-ға жуық адам кәсіптік оқытудан өтті, 193 адам қоғамдық жұмыстарға, 51 адам – уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына және тағы 33 адам жастар іс-тәжірибесіне бағытталды.  

Айтар болсақ, Үкімет жұмыспен қамту мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды. Жұмыс сапарлары барысында Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы органдардың және бизнес өкілдерінің назарын жаңа жұмыс орындарын, әсіресе экономика секторларында құру қажеттілігіне аудартады, олар басқа салалардан әлеуетті жұмыстан босаған жұмысшылардың ағымын қабылдай алады.

Сондай-ақ, 2017 жылдың басынан бастап Қазақстанда Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жаңа бағдарламасы іске асырылуда, онда өз кәсібін ашқысы келетін, немесе жұмысқа тұрғысы келетін адамдарды қолдау бойынша бірқатар тетіктер бар.

Анықтама:

2017 жылдың І тоқсанында Ақмола облысында 7 420 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 4 055, уақытша және маусымдық жұмыс орындарымен – 3 162, жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін қоғамдық жұмыспен – 2 066 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға өңірде 2017 жылы 4,8 млрд теңге қарастырылған.